Талдықорған: +15°C
$ 443.96
€ 487.73
₽ 5.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Зеңгі баба төліне қолдау да, сұраныс та бар

27 қаңтар 2026
КҮНДЕРЕК
Зеңгі баба төліне қолдау да, сұраныс та бар
WhatsAppTelegramFacebook

Алакөл ауданында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын асыл тұқымды мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Бүгінде бұл бағытта 15 шаруашылық айналысады. Олар ірі және ұсақ мал, сондай-ақ жоғары сапалы асыл тұқымды жылқы санын көбейтіп, өсіруде.

– Асыл тұқымды ірі қара мал басының үлесі 23 пайыз немесе 18 880 басты құрайды. Ауданда етті тұқымды Ақбас, Әулиекөл, Герефорд, Ангус, Қалмақ және сүтті тұқымды – Алатау, Симментал, Голштин сиырлары өсіріледі. Сонымен бірге қой, жылқы шаруашылығы тұрақты дамып келеді. Негізінен қазақтың жіңішке жүнді асыл тұқымды қойларының үлесі 33 пайыз (75 650 бас), ал асыл тұқымды – Жабы, Адай, Мұғалжар жылқысының үлесі 16,4 пайызға (5870 бас) жетеді, – дейді Алакөл ауданының әкімі Алмас Әбдінов.

Өңірде нарықты етпен қамтамасыз ету үшін жалпы қуаттылығы 7100 ірі қараға арналған 6 мал бордақылау алаңы жұмыс істейді. Қазіргі уақытта бұл жерде 4270 бас мал жемделуде, оның ішінде «Әкімбеков», «Мұрат», «Айманбетов», «Ұшқын», «Жазылбеков и К» шаруашылықтарында, «Қайыңды» ЖШС-де мал басы бағылуда.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, жалпы облыста былтырғы 10 айдың қорытындысы бойынша мал басы 2,6 миллионға жеткен. Ет өндірісі 79,6 мың тоннаны құрайды, бұл жоспардың 103,5 пайызына сәйкес келеді, ал сүт – 193,7 мың тонна немесе 104 пайыз. Өңірде 26,1 мың басқа арналған 71 бордақылау алаңы және 8,3 мың басқа арналған 34 тауарлы-сүт фермасы жұмыс істейді. Олардың үшеуі биыл 1190 басқа кеңейтілді.

Айта кетейік, мемлекет мал шаруашылығына айтарлықтай қолдау көрсетуде. Субсидиялар асыл тұқымды дамытуға, өнімділікті арттыруға, жемшөпті арзандатуға және мал сатып алуға беріледі. Асыл тұқымды сиырларды сатып алу кезінде мемлекеттік қолдау мөлшері бір басқа 150-300 мың теңгені құрайды.

Мал, техника алу және айналым қаражатын толықтыру үшін жылдық 5-6% жеңілдікті несиелер gosagro.kz. порталы арқылы қолжетімді.

Аудан әкімінің айтуынша, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту – ауыл шаруашылығының тұрақтылығын және ішкі, сыртқы нарықтардағы өңірлік өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін стратегиялық бағыт.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА
Алакөл ауданы

Қатысты жаңалықтар

Дрондар додасы:  мемлекеттік органдар арасында ауқымды жарыс өтті

Дрондар додасы: мемлекеттік органдар арасында ауқымды жарыс өтті

18 қараша 2026
Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына дайындық қарқынды жүргізілуде

Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына дайындық қарқынды жүргізілуде

18 қараша 2026
Ғылым министрлігі ҚазҰУ-да кешенді мониторинг жүргізеді

Ғылым министрлігі ҚазҰУ-да кешенді мониторинг жүргізеді

18 қараша 2026
Еңбек ұжымдарына Жолдау міндеттері түсіндірілді

Еңбек ұжымдарына Жолдау міндеттері түсіндірілді

18 қараша 2026
«Әділет» партиясы: Жетісуда мәдениет саласының инфрақұрылымы жаңарады

«Әділет» партиясы: Жетісуда мәдениет саласының инфрақұрылымы жаңарады

17 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.