Қыс та аяқталуға жақын. Биыл айтарлықтай қатты болды деп айта алмаймыз. Алғашқы кезеңінде аяз болғанымен орта тұсы жылы болды. Жетісу облысының өзен, көлдерінде мұз қалың қатпады.
Сақтық шарасын сақтамай мұз үстіне ерте шығып, төтенше жағдайларға кезіккен азаматтар да кездесті. Оқыс оқиғаға тап болғандар жайлы көптеген ақпарат құралдарында көрсетіліп, халықты сақтануға шақырған болатын. Осы орайда биылғы мұздың жұқа қатуына байланысты тұрғындар мен әуесқой балықшыларды мұз үстінде абай болуды және қауіпті аймаққа, ауа райының қолайсыз кездерінде өзен, көлдің үстіне шықпауға тыйым саламыз. Табиғат байлығына қасақана қол сұғып, заңсыз балық аулауға болмайтынын тағы бір мәрте ескертеміз!
Батыйхан СҰЛТАНОВ,
Қаратал балық инспекциясының бас маманы





