Талдықорған: +1°C
$ 505.17
€ 599.54
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Шешімді халық қабылдайды

03.02.2026
ӘЛЕУМЕТ, ЖАҢАЛЫҚТАР, КҮНДЕРЕК, МІНБЕР, САЯСАТ
Шешімді халық қабылдайды

Жұмабай Мұсабеков

WhatsAppTelegramFacebook

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия ҚР жаңа Ата Заңының жобасын жариялады. Осыған орай облыстық әкімдікте мәслихат депутаттарының қатысуымен жиын өтіп, Ата Заңымыздағы өзгерістер мен толықтырулардың жай-жапсары талқылады.

Жиында облыстық мәслихат төрағасы Гүлнар Тойлыбаева саяси партия, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен 2000-нан астам ұсынысқа сүйене отырып дайындалған жаңа Конституция жобасының негізгі ерекшеліктеріне тоқталды.

– Реформа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бір палаталы Парламент құру бастамасы аясында жүзеге асырылуда. Комиссияның басты мақсаты – Конституцияны сақтай отырып, оны заман талабына сай жаңарту және адам құқықтарын мемлекеттің негізгі құндылығы ретінде бекіту. Жаңа Ата Заңның басты идеясы – білім, ғылым, мәдениет пен инновация, яғни мемлекеттің болашағы адам капиталына және азаматтардың жетістіктеріне негізделген. Тағы бір маңызды мағыналық бағыт – цифрландыру. Осыған байланысты Конституцияның жаңа мәтінінде алғаш рет азаматтардың құқықтарын цифрлық ортада қорғау туралы норма бекітілді. Бұл норма азаматтардың жеке деректері, онлайн қатысу құқықтары, цифрлық қызметтерге қолжетімділігі және интернеттегі қауіпсіздік сияқты аспектілерді заң жүзінде қорғайды. Жеке өмірге қолсұғылмаушылыққа, жеке және отбасылық құпияға, дербес деректерді заңсыз жинаудан, өңдеуден, сақтаудан және пайдаланудан, оның ішінде цифрлық технологияларды қолданудан қорғауға заңмен кепілдік берілген құқық нақтыланды, – дей келе жаңа Конституциялық жобаның әр бағытына жеке-жеке тоқталып, ерекшеліктерін кеңінен баяндады. Сондай-ақ, ол Конституцияның жаңа редакциясының алғашқы жобасында Преамбула, 11 бөлім және 95 бап бекітілу ұсынылатынын айтты.

Шара барысында «Ақ жол» демократиялық партиясы облыстық филиалының төрағасы Ермек Егінбаев ұсынылған Конституциялық өзгерістердің бірқатары саяси партиялардың рөлін күшейтуге бағытталғанын және бұл бағыт отандық демократиялық күштердің, соның ішінде «Ақ жол» демократиялық партиясының ұзақ жылдан бері көтеріп келе жатқан ұстанымдарымен үндесетінін жеткізді. Ол халық билігінің партиялар арқылы жүзеге асуы саяси бәсекені күшейтіп, партиялық жауапкершілікті арттыруға мүмкіндік беретінін, Парламент пен партиялық фракциялар ықпалының күшейгендігі көппартиялы теңгерімді сақтауға бағытталған маңызды норма екенін жеткізді.

Көксу аудандық мәслихатының төрағасы Жамбыл Бейсенбай: «Жаңа жобада билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік пен өзара жауапкершілік қағидаттары күшейтіледі. Бұл басқару жүйесінің тиімділігін арттырып, қабылданатын шешімдердің ашықтығы мен сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жергілікті өзін-өзі басқару институттарын дамытуға басымдық берілді. Яғни азаматтардың қоғамдық және саяси өмірге тікелей қатысуын кеңейтіп, өңірлік деңгейдегі мәселелерді шешуде халықтың рөлін арттырады», – дей келе ұсынылған конституциялық реформалар елдің ұзақмерзімді дамуына, әділетті қоғам мен тиімді мемлекет қалыптастыруға оң әсер ететініне сенім білдіретінін айтты.

Басқосуда мәслихат депутаттары кезек-кезегімен сөз алып, Жаңа Конституция жөніндегі ойларын ортаға салды.

Айта кетейік, ұсыныстар «e-Otinish» және «eGov» порталдары арқылы қабылдануда. Жаңа Конституция бойынша нақты шешімді халық жалпыұлттық референдумда қабылдайды.

Айдар ҚАЛИЕВ

Қатысты жаңалықтар

Премьер-министр Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

Премьер-министр Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

03.02.2026
Судың «қара нарығын» жою: Министрлік пен Бас прокуратура бірлескен жоспар әзірледі

Судың «қара нарығын» жою: Министрлік пен Бас прокуратура бірлескен жоспар әзірледі

03.02.2026
АҚШ-та екі Қазақстан азаматы аса ірі алаяқтықпен айыпталып жатыр

АҚШ-та екі Қазақстан азаматы аса ірі алаяқтықпен айыпталып жатыр

03.02.2026
ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

03.02.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

03.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.