Талдықорған: +23°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Экран сыртындағы еңбек

24.02.2026
ЖАНСАРАЙ, РУХАНИЯТ
Экран сыртындағы еңбек
WhatsAppTelegramFacebook

Камераның қимылы мен көріністің көркемдігін үйлестіру екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. Экранға шыққан әр секундтың артында бейнеинженердің табандылығы мен дәлдігі жатыр. Сапалы контенттің қазығын қағып, көрерменге көркем әрі анық дүние ұсыну – бейнеинженердің басты миссиясы.

Серік Базылханұлы Абай облысы, Мақаншы ауданы, Қарабұлақ ауылының тумасы. «Айдынды Алакөлдің суына шомылып өскен азаматтардың бірімін», – дейді ол өз өмірін бірауыз сөзбен түйіп. Көлдің кеңдігі мінезіне, толқыны табандылығына айналған азаматтың еңбек жолы 2008 жылы Алматыдағы қара шаңырақ Қазақ радиосында басталды. Әуелі дыбыс режиссерінің көмекшісі болды. Радионы дыбыстың әлемі десек, сол әлемде жүріп ол үндегі әрбір тыныстың да мәні барын ұқты. Кейін «Qazaqstan» Ұлттық арнасына ауысып, 2010-2012 жылдары «Qazsport» телеарнасында қызмет етті.

2015 жылы тағдыр жолы Талдықорғанға бұрылады. «Жетісу» телеарнасына келген сәттен бастап бейнеинженерлік қызметі нақты осы арнада қалыптасты. Ол бүгінде 15 жылдық тәжірибесі бар маман.

– Бейнеинженер болу үшін техникалық сауаттылық пен шығармашылық талғамды қатар меңгеру керек. Бейненің бояуын, айқындылығын, дыбыс тазалығын жіті саралай білу қажет. Әсіресе, тікелей эфир кезінде бір сәттік қателік бүкіл ұжымның жұмысына көлеңке түсіруі мүмкін. Осындай жауапты шақта маманның байыптылығы мен шапшаң шешім қабылдау қабілеті сынға түседі. Цифрлық дәуірде бейнеинженерге қойылатын талап та күшейіп келеді. Заманауи студиялар, көпкамералы түсірілімдер, онлайн платформалар – бәрі де техникалық жетілдіруді қажет етеді. Жаңалықтың жылдамдығы мен сапасы қатар талап етілетін кезеңде бейнеинженер – медиакеңістіктің сенімді «қазығы». Ол ақпараттың көрерменге мінсіз жетуіне қызмет етеді, – дейді өз ісінің шебері.

Бір қызығы, Серіктің негізгі оқыған мамандығының бұл салаға мүлде қатысы жоқ. Алғашқы мамандығы – корректор. Газет-журналдағы қате түзетуші. Кейін экономика, банк ісі бойынша да білім алған. Бірақ өмір жолы қағаз бен қаржыға емес, кадр мен дыбысқа бұрылған.

«Дипломмен жұмыс істеп жүрген адамдарды көп байқай бермеймін», – дейді ол. Расында, кейде адамды жетелейтін қағаз емес, қабілет. Ол «Qazaqstan» телеарнасында жүріп бейнеинженерлікті үйренді. Ұстаз тұтқан жандары – белгілі бейнеинженерлер Дидар Анаш пен Қуаныш Бердіқұлов. Анонс бөлімінде қызмет ете жүріп, кадр құрастырудың, ритм сезінудің, экран тілімен сөйлеудің қыр-сырын ұстаздарынан меңгергенін айтады.

Оның жұмысы тек монтажбен шектелмейді. Серік мәтін оқиды, дизайн жасайды, графика құрастырады, бейнероликтер мен деректі фильмдер әзірлейді. Көрермен экраннан көретін қысқа ғана анонстың артында сағаттаған ізденіс, кадр таңдауы, дыбыс үйлесімі жатады. Оны нағыз кадрдың құрылысшысы десек жарасады.

– Бұл салаға қазығымның қағылуы әуелі осы өңірде шаңырақ көтергенімнен шығар. Балаларым Талдықорғанда дүниеге келді. Жанға жайлы қала, орнықты жұмыс, өз қабілетін көрсете алатын орта менің мәңгі бұл салада тұрақтауыма, жіпсіз байлануыма ықпал етті. Өз қазығымды мықтап орнаттым деп ойлаймын. Себебі, менен де келіп бірдеңені үйренгісі келетін, ақыл-кеңесімді сұрайтын жас көп, – деген Серік Базылханұлы ішкі сырын бүкпесіз ақтарды.

Серік үшін бейнеинженерлік кәсібі ғана емес, болмысы. Ол осы салаға бейім екенін сезген соң, табанын тайдырмаған. Бүгінде бейнеинженерлікті үйренгісі келетін жастарды баулып жүр. Білгенін бөлісуден жалықпай келеді. «Бейне құрастыру, дыбыстау маған өте қызық», – дейді ол. Қызығушылық бар жерде дамуға деген құлшыныстың болары айқын.

Экран сыртындағы маманның сахнада да үні бар. Ән айту жанының екінші тынысы. 6 жасынан сахнаға шыққан Серік күні бүгінге дейін той-томалақтарда, салтанатты кештерде өзінің қоңыр үнімен көпшілікті сүйіндіріп жүр. Жетісу өңіріне ән өнерімен де танымал десек артық айтқандық емес. Ол: «Әнді – қосымша табыс көзі ғана емес, дауысымды жоғалтпай, өнерге деген іңкәрлігімді өшірмей жүрудің амалы деп білемін» – дейді.

Серік Базылханұлының өмір жолы бір шындықты дәлелдейді: Адам өз орнын жүрек қалаған істен табады. Қай салада жүрсең де, өзіңді сол жерден көрсең – қазығыңды қақ. Көрінбейтін еңбегімен көрінетін дүниені сөйлетіп жүрген маманның өмірі – жас буынға үнсіз өнеге, табандылықтың тірі мысалы.

Көрермен назарын бір сәтке баурап алатын көріністің, мінсіз шыққан тікелей эфирдің, дәл үйлескен дыбыс пен бояудың артында оның табандылығы мен кәсіби жауапкершілігі тұр. Ол үшін бейнеинженерлік өмірлік таңдау, саналы бекіген қазық.
Абай топырағында туып, Алакөлдің толқынындай мінез қалыптастырып, шығармашылық жолын жан-жақты шыңдаған маманның кәсіби биігі атақта емес, адал еңбекте, танымалдығы экранда емес, сапада.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

01.05.2026
Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

01.05.2026
Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

01.05.2026
Gemini-дан ақылды, ChatGPT-ден жылдам: Claude жайлы не білеміз?

Gemini-дан ақылды, ChatGPT-ден жылдам: Claude жайлы не білеміз?

01.05.2026
Көрермен көңіліне орныққан «Капитан Байтасов»

Көрермен көңіліне орныққан «Капитан Байтасов»

30.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.