Талдықорған: +10°C
$ 458.57
€ 501.54
₽ 5.57
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Жетісуда кедендік тексерулер: 3 мыңнан астам тексеру, бюджетке 660 млн теңге қосылды

25 ақпан 2026
ЭКОНОМИКА
Жетісуда кедендік тексерулер: 3 мыңнан астам тексеру, бюджетке 660 млн теңге қосылды
WhatsAppTelegramFacebook

Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері 2025 жылдың қорытындысы бойынша кедендік бақылау нәтижесін жариялады.

Брифинг барысында өткен жылы тәуекелдерді басқару жүйесінің ұсынымымен 3 302 кедендік тексеру жүргізілгені айтылды. Нәтижесінде 2 777 құқық бұзушылық анықталып, тексерулердің тиімділігі 84 пайызды құрады. Мемлекет бюджетіне кедендік төлемдер мен салықтар бойынша 660,1 млн теңге қосымша есептелді, сонымен қатар 2,9 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Бір құқық бұзушылыққа шаққандағы орташа қосымша есептеу сомасы 238 мың теңгені құрады.

Департаменттің мәліметінше, кедендік тексеру тәуекелдерді басқару жүйесі, инспекциялық тексеру кешендерінің деректері және құқық қорғау органдарынан алынған ақпарат негізінде жүргізіледі. Тексеру барысында тауарларды толық өлшеу, жүк орындарын ашып қайта санау жүзеге асырылады. Біртекті тауарлар тасымалданғанда ішінара түсіруге рұқсат бар, ал үйінді, төгіп немесе құйып тасымалданатын жүктерге, халықаралық ұйымдарға арналған тауарларға және арнайы режимдегі жүктерге түсіру жүргізілмейді.

Жетісу облысы бойынша кедендік әкімшілендіру басқармасының бөлім басшысы Фархат Исаев тексерудің ерекшеліктерін түсіндірді:

– Кедендік тексеру – тауарларды толық түсіру, жүк орындарын ашып қайта санау сияқты кешенді процесс. Автокөлік арқылы тасымалданатын жүктерді тексеру 2-3 күнге созылады, ал теміржол көлігінде арнайы құралдар арқылы әрбір состав 1-2 күнде тексеріледі.

Қазіргі инспекциялық кешендер (ИДК) тауарларды ашпай-ақ қораптардағы кейбір ерекшеліктерді анықтайды. Мысалы, тек аяқ киім жүктері тасымалданатын көлікте басқа зат болса, жүйе автоматты түрде күдік туғызады. Дегенмен, ешбір құрылғы 100 пайыз контрабанданы көре алмайды – нақты шешімді тексеруші қабылдайды.

Кейбір тауарлар, мысалы, Қытайдан кіретін бір бөлігі, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге рұқсат етілмейді. Мұндай жағдайларда алдын ала ескерту жүйесі бар: ресми сайттарда тыйым салынған тауарлар тізімі жарияланған, – деді Исаев.

Кедендік тексеру толық бейнетіркеуге алынады. Заң бұзушылық анықталған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс бойынша шара қолданылады. Егер залал 43,2 млн теңгеден асса, материалдар Экономикалық тергеу департаментіне жолданады.

Көрсеткіштер бойынша Жетісу облысы республика көлемінде алдыңғы қатардан көрінді.

Аяулым Шынгаева

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

Бүгін, 14:47
Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

Бүгін, 13:49
Тастаяқтан топ жарды

Тастаяқтан топ жарды

Бүгін, 12:45
Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Бүгін, 12:43
Пайдалануға берілетін нысан көп

Пайдалануға берілетін нысан көп

Бүгін, 12:29

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.