Талдықорған: +32°C
$ 463.41
€ 546.27
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Атасының баласы

21.03.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР, РУХАНИЯТ
Атасының баласы

Жұмабай Мұсабеков

WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғанда «Атасының баласы» атты көркем фильмнің тұсаукесері өтті. Талантты режиссер Ерлан Ұшақбаевтың бұл туындысы көрермен жүрегіне жол тауып, жұртшылыққа ерекше әсер сыйлады. Жиналған көпшілік экраннан өмірдің өзінен алынған шынайы оқиғаны көріп, көңілі толқыды, көзіне жас үйірді.

Фильм сюжеті алғашқыда қарапайым көрінгенімен, астары терең әлеуметтік мәселелерді қозғайды. Қарттар үйінде тұратын зейнеткерлер балалар үйіне концерттік бағдарлама көруге барады. Алайда күтпеген жерден коронавирус індеті тарап, кейіпкерлер балалар үйінде карантинге жабылып қалады. Осылайша екі түрлі әлем – қарттар мен балалар тағдыры бір кеңістікте тоғысады.

Бастапқыда бір-біріне жат көрінген «ата мен бала» ұғымындағы бұл екі буын ортақ тіл таба алмай, араларында түсініспеушілік орын алады. Бірақ уақыт өте келе, мәжбүрлі оқшаулану олардың арасындағы алшақтықты жойып, рухани жақындасуға жол ашады. Кинодағы түрлі оқиға арқылы кейіпкерлер бір-бірінен жан жылуын тауып, тағдырлас жандарға айналады.

Фильмде басты рөлдердің бірін сомдаған актер Кендебай Темірбайұлы бұл туындының қоғам үшін маңызы зор екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай фильмдер жетімдік ұғымының жойылуына, адамдардың жүрегінде мейірім мен жауапкершілік сезімінің оянуына ықпал етуі тиіс. Ол жаңа шығарманың еліміздің барлық өңірінде көрсетіліп, әсіресе балалар мен қарттар үйлерінде кеңінен насихатталғанын қалайтынын жеткізді.

– Осы фильмнен ой түйген жан болса біз бақыттымыз. Театр мен кино саласы негізінде ұжымдық еңбек қой. Бұл ұлық дүниені туындының басында тұрған, идея авторы Гүлмира Зербай қарындасымыз Жетісу жерінде дүниеге әкелді. Осы киноның көрсетілімі тек Талдықорғанда шектеліп қалмаса екен деймін. Бұл фильмді республикаға көрсетуге болады. Жақсы шығарманың дүниеге келгеніне өз басым ризамын. Игілікті істің басында болған әрбір жанға қалай алғыс айтсақ та жарасады, – дейді актер Кендебай Темірбайұлы.

Туындының басты ерекшелігі – оның өмір шындығын айна-қатесіз бейнелеуінде. Фильм қазіргі қоғамдағы өзекті әрі ащы мәселелерді бүкпесіз көрсетеді. Кейбір балалар ата-ананың мейірімінен шет қалып жатса, енді бір қарттар өз перзентіне артық жүк секілді көріне бастайды. Осындай күрделі әлеуметтік тақырыптарды арқау еткен картина көрермен жүрегіне жол тауып, ешкімді бейжай қалдырмайды.

– Біз бұл киноны көріп қана қоймадық. Мұндағы балалармен бірге сол тағдырды кештік. Еш уақытта аналары балаларынан айырылмасын. Бала да, ана да, ата да бақытты өмір сүрсін. Өкінішке қарай өмір болғаннан кейін кинодағы жағдайлар қоғамда бар. Елімізде қарттар үйі, жетімдер үйі болмасын. Өмірдің қасіретін көрсетіп, соны осы жұрт түсінсін деп еңбек еткен ұжымға үлкен алғысымды айтамын, – дейді облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Жамал Баймадиева.

«Жетісу» телеарнасының директоры Думан Алтынбекұлы:

– Наурыз мерекесі қарсаңында көрерменге жол тартқан төл туындымыздың тұсаукесері құтты болсын! Киноны қайталап көрсек те көмейімізге өксік тығылып, көз жасымызды бір сығып алдық. Ең бастысы кинодан көп ой түйдік, әсер алдық. Осы туындыға атсалысқан барлық азаматқа, әсіресе театр ұжымына, серіктесіміз болып кеткен «Айналайын» балаларды қолдау орталығына көп-көп рахмет. Аз ғана қаржымен осындай үлкен туындыны жасап шыққан Ерлан Ұшақбаев бастаған түсірілім тобына мың алғыс. Осыдан 10 жыл бұрын Бейсен Құранбектің идеясымен «Ләйлә» киносымен басталса, сол дәстүр жалғасып, былтырдан бері 2 жылдың ішінде үшінші кинотуындының тұсауын кесіп жатырмыз. Ол да болса біздің еңбегіміздің, үмітіміздің ақталғаны. Алла бұйыртса, түсірілім тобы биыл да бірнеше туынды түсіруді жоспарлап отыр, – дейді ол.

Аталған шығарма отбасы деген ұғымның тек қандық байланыспен шектелмейтінін, ең алдымен, жауапкершілік, қамқорлық пен махаббатқа негізделетінін еске салады. Фильм көрерменді бір сәтке тоқтап, өмірдің қарбаласында назардан тыс қалып жатқан ең қымбат жандарды – ата-ананы, баланы, қарттарды ойлауға шақырады.

Бұл туындыны ұрпақтар сабақтастығы мен адамгершілік құндылықтардың мәңгілік екенін тағы бір мәрте дәлелдеген әсерлі шығарма десек қателеспейміз.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Тылдағы еңбек – Жеңіске қосылған өлшеусіз үлес

Тылдағы еңбек – Жеңіске қосылған өлшеусіз үлес

08.05.2026
Өңірде өлім-жітім көрсеткіші төмендеп, жасанды интеллект енгізілді

Өңірде өлім-жітім көрсеткіші төмендеп, жасанды интеллект енгізілді

08.05.2026
Құрылтай туралы заң жобасы 1 шілдеден бастап күшіне енеді

Құрылтай туралы заң жобасы 1 шілдеден бастап күшіне енеді

08.05.2026
Стереотиптерді бұзу: дұрыс тамақтану және оның аурудың алдын алудағы рөлі

Стереотиптерді бұзу: дұрыс тамақтану және оның аурудың алдын алудағы рөлі

08.05.2026
Аңыз актер Асанәлі Әшімовтің туғанына 89 жыл

Аңыз актер Асанәлі Әшімовтің туғанына 89 жыл

08.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.