Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ-ның шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жетісу Медиа» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, 2026 жылғы 13 сәуір мен 11 мамыр аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізу жоспарлануда:
1) мемлекеттік мекеменің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ұсыныстар болған жағдайда келесі телефондарға хабарласа аласыз: +77715548858 немесе +77773880990 Султанбек Адлет Султанбекулы.





