Талдықорған: +22°C
$ 481.54
€ 553.24
₽ 5.93
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ҚОЛ

Тоқсан жастағы тракторшы

31.03.2026
АЛТЫН ҚОЛ, ЖАНСАРАЙ
Тоқсан жастағы тракторшы

Жұмабай МҰСАБЕКОВ

WhatsAppTelegramFacebook

Қазіргі қоғамда еңбек адамы туралы айту – елдің рухани құндылықтарын дәріптеумен тең. Әсіресе, саналы ғұмырын жер мен техниканың ара- сында өткізіп, ауыл шаруашылығының дамуы- на үлес қосқан жандардың өмір жолы кейінгі буынға үлкен өнеге. Осындай еңбек адамдарының бірі Кербұлақ ауданы, Шоқан ауылында тұратын. Қабдолда ЕЛУБАЕВ өмір бойы жұмыс істеп, трактор тізгіндеген қария. Жасы тоқсаннан асса да әлі күнге дейін техниканың құлағында ойнап, жер жыртып, егін егіп, дала төсінде маңдай терлетіп жүр. Күннің ыстығы мен желдің өтінде жүріп еңбек ету – оның өмірінің ажырамас бөлігіне айналған. Ал көпшілік бұл жаста адам тынығып, үйде отырады деп ойлайды. Қалай десек те ақсақалдың өмір жолы үлкен құрметке лайық.

Біз де көпті көріп, ғасырға жуық өмір сүрген Қабдолда Жұмағожаұлымен бетпе-бет жүздесіп, әңгімелесу үшін арнайы іздеп бардық. Үйге келген тілшілерді жылы жүзбен қарсы алған тракторшы қарт өткен күндеріне көз жүгіртіп, әңгімесін баяу бастап кетті. Бүгінде тоқсанның төрінен асқан қарияға қарасаңыз, жасын ешкім дәл болжай алмайды. Тіпті, бетінде әжім де көп байқалмайды. Жүзі нұрлы, сөзі нық, өмірге құштар. Әңгіме айтқанда ойы анық, өткен күндерді бүге-шігесіне дейін есіне түсіреді. Қартайса да сергек, тың. Мұның бәрі – өмір бойы адал еңбек етіп, қозғалысқа үйренген жанның белгісі.

Қариямен әңгімелесу кезінде: «Осыншама жасқа келсе де өзін қалай күтіп жүр? Денсаулығының мықты болуының сыры неде екен? Бәлкім, бұл – өмір бойы дала төсінде маңдай терлетіп, еңбектенгеннің, табиғатпен етене өмір сүруінің жемісі шығар…», – деген ойлар еріксіз орала кетті. Дәл осы сәтте: «Адам қимылдаса – жасарады» деп күлімсіреп жүзін маған бұрған қария ойымды оқып қойғандай көрінді. Қабдолда атаның қимылы да ширақ. Таңсәріден оянып, таза ауада серуендеп, дене шынықтырумен айналысуды күнделікті әдетке айналдырған. Қарттыққа мойымай, өзін сергек ұстаудың сыры да осында болса керек.

АТАДАН ақыл:
Ұзақ әрі сапалы өмір сүрудің басты құпиясы – ЕҢБЕК, ҚОЗҒАЛЫС және ТАЗА НИЕТ!
Денені қимылсыз қалдырмау керек. Таң- ертең тұрып, аздап жаттығу жасау – ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ БАСТЫ КЕПІЛІ!
Тамақты тек тою үшін емес, оны дененің ҚУАТЫ мен КҮШІН арттыру үшін жеу керек!

Ауыл тұрғындары Қабдолда атаның өмірге деген осындай белсенділігін ерекше құрметтейді. Өйткені, көпшілік оның жүзінен шаршау мен қажуды емес, керісінше жігер мен қайратты көреді. Бұл – ұзақ жыл еңбектеніп, өзін күтіп, денсаулығына мән берген адамның белгісі. Бүгінде Қабдолда ата ауыл жастарына да ақылын айтып, үлгі болып жүр. Оның ширақ қимылы мен сергек келбеті жастарға жігер береді. Расында, ғасырға жуық өмір сүрген қарияның тың әрі сергек жүруі кез келген адамның қолынан келе бермейтін іс.

Қарап отырсақ, талай жыл трактор тізгіндеп, жер жыртып, ел ырысын арттыруға үлес қосқан қарияның өмір жолы үлкен мектеп. Оның әрбір айтқан естелігі өткен дәуірдің тынысын сездіріп, еңбек адамының шынайы болмысын танытқандай әсер қалдырады. Қариямен кездесу сондай-ақ, тарихтың тірі куәгерімен тілдескендей күй кешірді. Атаның айтуынша, жастайынан еңбекке араласып, ауыл шаруашылығы саласында табан аудармай қызмет еткен. Сол кезеңде ауылдың негізгі тіршілігі егін мен мал шаруашылығына байланысты болғандықтан, тракторшы мамандығы аса маңызды саналды. Жер жырту, егін егу, ору науқандарының бәрінде тракторшының еңбегі шешуші рөл атқарды.

Жұмабай МҰСАБЕКОВ

КӨЗӘЙНЕКСІЗ ГАЗЕТ ОҚИДЫ

Қариямен әңгімелесу кезінде үстел үстінде жатқан «Jetisý» газетіне көзіміз түсті. Сөйтсек, тоқсанның төрінен асқан АТА әлі күнге дейін көз әйнексіз газет оқиды екен. Ақсақалдың бұл ықыласы – бүгінгі қоғам үшін ерекше өнеге. Қазіргі ақпарат тасқыны күшті заманда адамның санасын сергек ұстап, ой-өрісін кеңейтетін дүниенің бірі – баспасөз. Тоқсан жастан асқан қарияның күн сайын газет оқуы оның өмірге деген қызығушылығының, сергектігінің белгісі. Әдетте егде жастағы адамдардың көбі уақытты тыныш өткізуге бейім болады. Ал тракторшы ата керісінше, ел ішіндегі жаңалықтарды біліп, қоғамдағы өзгерістерді бақылап отырады. Бұл – адамның рухани сергектігін сақтайтын жақсы әдет. Тракторшы атаның сөзінің мығым, ойының анық болуын осы әдетпен байланыстырдық. Абыз қарияның жастарға «ГАЗЕТ ОҚЫҢДАР!» деп айтқанын жай ғана кеңес емес, өмірден түйген даналығы деп түсіндік. Осынша жасқа келсе де газеттен қол үзбеген қарияның бұл әдеті білім мен ақпаратқа деген құрмет екенін білдік.

Қария еңбек жолын өткен ғасырдың орта шенінде бастапты. Ол кезде ауыл шаруашылығы техникасы бүгінгідей дамымаған, техника жиі бұзылып, ауыр еңбек көп еді. Соған қарамастан жас тракторшы қиындыққа мойымай, еңбекке деген жауапкершілігін жоғары қойды. Таң атпай жұмысқа шы- ғып, кеш батқанша дала төсінде еңбек ету – оның күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналды. Жылдар өте келе ол тәжірибелі механизатор ретінде танылып, жастарға да үлгі болды. Оның басты ұстанымы – «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген Абай дананың бір ауыз сөзі.

Бүгінде тоқсаннан асқан қарияның өмір жолына көз жүгіртсек, ол тек бір адамның тағдыры емес, ауыл еңбеккерлерінің тұтас буынының бейнесін көрсетеді. Кеңес дәуіріндегі ұжымшар кезеңі, тәуелсіздік жылдарындағы өзгеріс- тер – мұның бәрін көзімен көріп, еңбек майданында жүріп өткерді. Өкінішке қарай, қазіргі уақытта тракторшы мамандығына қызығатын жастардың саны азайып барады. Ауыл шаруашылығы техникалары жаңарып, технология дамығанымен, оны жүргізетін білікті мамандардың тапшылығы сезілуде. Сондықтан осындай еңбек адамдарының өмір жолын насихаттау – жастарды еңбекке баулудың бір жолы.

Еңбек адамының тағы бір үлкен бақыты – ұрпақ тәрбиесі. Шаңырағында Тұрсынғали, Байдош, Жандос, Ердос, Тұрсынбөбе, Жазира атты 4 ұл, 2 қыз өсіріп, оларды адалдыққа, еңбекқорлыққа баулыды. Бүгінде сол балалардың үшеуі жоғары білім алып, түрлі салада қызмет атқарып жүр. Бұл – әке тәрбиесі мен өмірлік ұстанымының жемісі. Өмір жолында қуанышпен қатар сынақтар да болады. Қабдолда атаның өмірлік серігі, ұзақ жыл бірге ғұмыр кешкен жары Айымбөбе Тойекеқызы өмірден озған. Ата қазір отбасының, балалары мен немерелерінің қызығын көріп отыр.

Оймақтай ой

– ГАЗЕТ оқыған адамның көкірегі ояу, көзі ашық болады. Бұл сөздің астарында үлкен өмірлік тәжірибе мен уақыт сынынан өткен шындық жатыр. Ол ел мен жердің тынысын, халықтың тұрмыс-тіршілігін көрсетеді. Біз жас кезімізден газет оқып өстік. Сонда елдегі жаңалықты біліп, өмірден көп нәрсе үйренетінбіз. Қазір жастардың көбі телефонға шұқшиып, қысқа ақпарат қарайды. Бірақ, газеттегі дүниелер терең жазылады, адамға ой салады. Сондықтан жастарға – уақыт тауып, газет, кітап оқыңдар деймін. Ол – адамның дүниетанымын кеңейтіп, сөзін, ойын орнықты етеді, – дейді Қабдолда ЕЛУБАЕВ.

Қабдолда атаның бүгінде «Жұмағожа» деп аталатын жеке шаруашылығы бар. Қожалыққа қарасты 20 гектар жерге жыл сайын арпа-бидай егеді. Көктем шыға тракторға отырып, жер жыртып, дән сеуіп, жаз бойы егіннің бабын табу – атаның күнделікті тірлігі. Ауылдағы көпшілікке таңсық көрінгенімен, Қабдолда ата үшін бұл – өмір бойы қалыптасқан дағды, еңбекке деген адалдықтың нышаны.

Тракторшы ата – қарапайым еңбек адамы. Бірақ, оның маңдай тері мен адал еңбегі – ауыл шаруашылығының дамуына, елдің берекесін нығайтуға қызмет етті. Осындай жандар ауылдың ғана емес, елдің де мақтанышы. Еңбекпен шыңдалған ғұмыр – ең үлкен марапат. Бір сөзбен айтқанда, тракторшы қарияның өмір жолы – бүгінгі ұрпаққа еңбекқорлықтың, төзімділіктің және туған жерге деген адалдықтың айқын үлгісі екенін байқатты.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА
Шоқан ауылы,
Кербұлақ ауданы

Қатысты жаңалықтар

ҰБТ форматы өзгереді: Министрлік жаңа AIT жүйесін таныстырды

ҰБТ форматы өзгереді: Министрлік жаңа AIT жүйесін таныстырды

31.03.2026
Антальядағы алтын: Ақсулық арулар волейболдан топ жарды

Антальядағы алтын: Ақсулық арулар волейболдан топ жарды

31.03.2026
Тарифтер арзандады: Су мен газ бағасына қатысты жаңа шешім

Тарифтер арзандады: Су мен газ бағасына қатысты жаңа шешім

31.03.2026
Чемпион болғым келеді

Чемпион болғым келеді

31.03.2026
Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушысын қабылдады

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушысын қабылдады

31.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.