Талдықорған: +18°C
$ 475.31
€ 555.54
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Ұлттық құндылық ұлықталды

09.04.2026
РУХАНИЯТ
Ұлттық құндылық ұлықталды
WhatsAppTelegramFacebook

Жуырда ғана кең көлемде аталып өткен Наурызнама мерекесіне «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық бірлестігінің Жетісу өңіріндегі аналары да белсене қатысып, ұлттық киім мен салт-дәстүрімізді дәріптеуге үлес қосты. Ақ кимешек пен ақ шапан киген аналардың ажары мерекеге ерекше көрік беріп, олар «Амал. Көрісу» күнінің өзінде-ақ Талдықорған қаласының орталық алаңына жиналды.

Қала тұрғындары мен қонақтары өнерпаздардың өнерін тамашалап қана қоймай, аналардан бата алып, естелік суретке түсті. Бұл көрініс ұлттық құндылықтардың сабақтастығын айшықтап, көпшілікке ерекше әсер қалдырды. Сонымен қатар, аналар жергілікті «Жетісу» телеарнасының «Таңшолпан» бағдарламасына қатысып, Наурызнама аясындағы дәстүрлер туралы ой бөлісті.

Ал «Жастар» саябағында бірлестіктің негізін қалаушы Айнұр Жүгінісова мен кеңесшісі Зәмзәгүл қажы ананың қатысуымен өткен кездесу мерекелік көңіл-күйді еселей түсті. Ұлыстың Ұлы күнімен тұспа-тұс келген бұл шара Жетісу облысындағы бірлестіктің бір жылдық мерейтойымен ұштасып, мазмұнды түрде аталып өтті.

Мерейтойлық жиынға республикалық басшылық өкілдерімен қатар «Алқа билер» республикалық ұйымының төрағасы Әбу мырза, «Ауыл» партиясының қалалық төрағасы Асхат Базилов, Жетісу өңірі бойынша кеңесші Мадина Нұрпейісова, партия белсендісі Назгүл Әбілдинова және жергілікті әнші Ербол Құдайбергенов қатысты. Іс-шарада аналардың қолөнер көрмесі ұйымдастырылып, ұлттық салт-дәстүрлерден көріністер көрсетіліп, ұлттық ойындар ойнатылды.

Бірлестіктің Жетісу облыстық филиалының төрайымы Айнагүл Деңгелбайқызы ұйымның құрылу тарихына тоқталып өтті:

– 2023 жылы Алматы облысы, Іле ауданы, Ащыбұлақ ауылында бірлестік төрайымы болып жүргенімде Алматы қаласындағы «Алатау» театрында өткен «Абысын-ажын» республикалық байқауына қатыстым. Сонда бұрынғы Талдықорған өңірінен бірде-бір ананың қатыспағаны жанымды ауыртты. Осыдан кейін туған жерге оралып, аналардың басын біріктіру туралы ой келді, – дейді ол.

Айнагүл ханымның айтуынша, 2024 жылдың қазан айында Талдықорғанға қоныс аударып, 2025 жылдың наурыз айынан бастап Жетісу облыстық филиалының жұмысын жүйелі түрде қолға алған.

– Бүгінде бірлестіктің бір жылдық мерейтойын атап өтіп отырмыз. Бұл жетістікке аудандық филиал төрайымдарының белсенді еңбегі зор. Көксу ауданынан Мариямгүл Ибраимова, Қараталдан Гүлнар Киікбаева, Ақсудан Бақыт Лаубаева, Сарқаннан Есбала Күдербаева, Ескелді ауданынан Сәуле Мангенова, «Үйтас» шағынауданынан Гүлбану Әшкенқызы, Текелі қаласынан Оралтай ханым, Панфилов ауданынан Ләззат Бабаханова бастаған аналар ұйым жұмысын жандандыруға үлкен үлес қосып келеді, – дейді төрайым.

Сонымен қатар, бірлестік 2026 жылдың ақпан айынан бастап «Ауыл» партиясымен меморандумға қол қойып, облыстық және қалалық әкімдіктермен, ішкі саясат бөлімдерімен тығыз байланыс орнатқан.

Өткен бір жыл ішінде атқарылған жұмыстар ауқымды. Бірлестік мүшелері республикалық, облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі іс-шараларға қатысып қана қоймай, өздері де бастама көтеріп келеді. Атап айтқанда, «Дала академигі» Н. Алдабергеновтің мерейтойына байланысты ұсыныстар енгізіп, «Ақ орамал» күнін, Рамазан айындағы дәстүрлерді, «Жарапазан» айту рәсімдерін кеңінен насихаттады.

Аналар мен ақсақалдар «Жетісу» телеарнасындағы «Бір шәугім шай» бағдарламасына қатысып, ұлттық өнерді дәріптеп жүр. Сонымен бірге, «КЕЛІН BATTLE» тележобасына қатысқан келіндер финалға жолдама алып, өңір намысын қорғады.

«Ауыл» партиясы ұйымдастырған «Бата» байқауында да жетісулықтар жүлделі орындардан көрінді. Рымғали ата І орын иеленіп, 100 000 теңге жүлде алса, Алмахан ана ІІ орын (70 000 теңге), Секен ата ІІІ орын (50 000 теңге) иегері атанды. Ал Бағила ана мен Оспан ата ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Бүгінде киелі ақ кимешекті күнделікті тұрмысқа енгізуді мақсат еткен аналар алдағы уақытта өтетін «Абысын-ажын» республикалық байқауының облыстық кезеңіне дайындық жұмыстарын бастап кетті.

Ұлттық құндылықтарды ұлықтауды басты ұстаным еткен аналардың бұл бастама- сы – ұрпақ тәрбиесіне бағытталған маңызды қадам.

Құралай МҰСАНОВА,
«Қазақ аналары – дәстүрге жол»
бірлестігінің мүшесі, зейнеткер ұстаз

Қатысты жаңалықтар

Әскери дайындық кабинеттерінің көбі ескірген

Әскери дайындық кабинеттерінің көбі ескірген

09.04.2026
Бокс: Қос бұрымды топ жарды

Бокс: Қос бұрымды топ жарды

09.04.2026
4,6 мың қазақстандық ағза алмастыруға мұқтаж

4,6 мың қазақстандық ағза алмастыруға мұқтаж

09.04.2026
Жетісуда 30 жылдан астам уақыт жөндеу көрмеген 56 мектеп бар

Жетісуда 30 жылдан астам уақыт жөндеу көрмеген 56 мектеп бар

09.04.2026
Отандық және шетелдік инвесторларды қорғауға арналған форум өтуде

Отандық және шетелдік инвесторларды қорғауға арналған форум өтуде

09.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.