Облыстағы «2030 жылға дейінгі перспективасы бар Жетісу облысын кешенді газдандыру» өңірлік схемасына сәйкес 358 елді мекеннің 192 елді мекені газдандыруға жатады (қалған 166 е/м 2030 жылдан кейін қаралатын болады).
Бүгінгі таңда аймақты газдандыру деңгейі 56,5% құрайды. 63 елді мекен газдандырылды (оның ішінде 30 елді мекен 2024 жылы газдандырылған), 392,6 мың адам (98,9 мың абонент) газға қол жеткізді.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында (126 н/п) 2025 жылы тағы 63 елді мекенді газдандыру қажет.
Ағымдағы жылы 45 жобаны іске асыруға бюджеттен 5,9 млрд.теңге (ҰҚ – дан – 2,05 млрд. теңге, ЖБ-дан-3,9 млрд. теңге) бөлінді.
Оның ішінде, өткен жылдан ауысатын 21 жоба (өткен жылы 6,9 млрд.теңге игерілді, 2025 жылға 2,4 млрд. теңге қоса қаржыландыру бөлінді). Барлық нысандар бойынша жұмыстар аяқталу сатысында (Қоғалы ауылын қоспағанда, 80 км жеткізуші БП — дан 25 км немесе 31% салынды);
Бұдан басқа, бекітілген бюджет шеңберінде жаңа 24 жобаны іске асыруға 3,5 млрд. теңге бөлінді (аяқтауға 5,4 млрд.теңгеге бюджеттік өтінім берілді).
Бұдан басқа, жалпы сомасы 15,9 млрд. теңгеге 18 жобалау-сметалық құжаттама әзірленді (11 ЖСҚ сараптаманың оң қорытындысын алды, 7-і ме қарауында). Бюджеттік өтінімді Энергетика министрлігі алдын ала мақұлдады.

Осы жобаларды іске асыру нәтижесінде облысты газдандыру деңгейі 500,0 мың тұрғыны бар 126 елді мекенді құрайды (71,4%).
Сондай-ақ, «Талдықорған-Үшарал» МГ құрылысына қатысты:
Газ құбырының жалпы ұзындығы 302 км, оның ішінде:
Құбырлар сатып алынды-241,39 км,
Траншеяны әзірлеу-170,18 км
Салынған-164,73 км немесе 54%.
6 АГРС үшін қажетті жабдыққа ағымдағы жылдың наурыз айында тапсырыс беріледі және объектіде болады.
Нысанда 128 жұмысшы жұмыс істейді, 91 Арнайы техника жұмылдырылған.
Жұмыстарды 2025 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Жобаның құны 131,7 млрд теңгені құрайды, оның 82 млрд теңгесі игерілді.
Тапсырыс беруші «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «Asia Caspian Construction» ЖШС мердігерлік ұйымы.
Бұдан басқа, жеке инвестициялар есебінен 66 елді мекеннің (Ақсу, Сарқан және Алакөл аудандары) жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеу жұмыстары басталды. Сараптама қорытындысын ағымдағы жылдың қыркүйегінде алу жоспарлануда. Нәтижесінде, ағымдағы жылдың соңында құрылыс-монтаждау жұмыстарына бюджеттік өтінім жіберілетін болады.
Осы жобаларды іске асыру нәтижесінде газдандырылған елді мекендер саны 192-ні құрайды.
Сонымен қатар, бүгінгі күні 2022 жылы бекітілген «2023 жылға дейінгі перспективасы бар Жетісу облысын кешенді газдандыру» өңірлік схемасына кірмейтін қосымша 22 е/м газдандыру қажеттілігі туындады. Осыған байланысты өңірлік газдандыру схемасына өзгерістер енгізу қажет.
Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасы





