Талдықорған: +8°C
$ 469.52
€ 553.75
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Рух пен өнер тоғысқан мекен

18.04.2026
КҮНДЕРЕК, РУХАНИЯТ
Рух пен өнер тоғысқан мекен
WhatsAppTelegramFacebook

ЖЕТІСУ ЖЕРІ – ән мен күйдің алтын бесігі ғана емес, рухтың үніне айналған қасиетті мекен. Бұл өңірде шырқалған әр әуен – уақыттың сүзгісінен өтіп, халықтың жүрегіне сіңген, ұлттың жадын, жан дүниесін, болмыс-бітімін сақтаған асыл мұра. Сол арқылы халықтың рухани тірегіне айналған қастерлі құндылық. Осы бір құндылықты ұрпақтан ұрпаққа аман жеткізіп, ұлттық өнердің биігін асқақтатқан тұлғалардың бірі – Қазақстанның халық әртісі Дәнеш Рақышев.

Биыл ән саңлағының туғанына 100 жыл толып отыр. Бұл – күнтізбедегі белгі ғана емес, рухани сабақтастықтың жаңғырып, өнердің ішкі мәні қайта таразыланатын кезең. Өйткені Дәнеш – жай орындаушы ғана емес, тұтас бір мектеп, тұтас бір дәуір. Оның үнінен тазалықтың өлшемі, болмысынан сахна мәдениетінің айнасы аңғарылады. Бүгінде сол бір дәуірдің тынысын үзбей жалғап тұрған өнер ордасы – ДӘНЕШ РАҚЫШЕВ атындағы облыстық филармониясы.

Жетісу облысы болып қайта құрылғанда мәдениет саласы да жаңа бетбұрысқа бет алды. 2022 жылғы 8 қыркүйекте облыстық филармония қайта жасақталып, жаңа құрылыммен жұмысын бастады. Ұжым тізгінін талантты күйші, халықаралық байқаулардың лауреаты Самат Жексенбаев ұстады. Ал 2023 жылғы 5 шілдеде филармонияға Дәнеш Рақышевтің есімі берілуі – тарихи әділеттің орнауы ғана емес, өнердің табиғи жалғастығының айқын көрінісі болды. Алайда бұл жол оңай болған жоқ.

– Филармония қайта құрылғанда біраз қиындық орын алды. Әсіресе, кадр мәселесі күрделі еді. Бұрынғы ұжымның бірқатары Алматы облысына кетіп, штаттық құрылымды толықтай қайта жасақтауға тура келді, – дейді Самат Жанғазыұлы. – Бұл үлкен жауапкершілік пен жүйелі еңбекті талап етті. Облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың тікелей қолдауының арқасында барлық түйткілді мәселе кезең-кезеңімен шешімін тапты. Бүгінде қиындықтар еңсеріліп, уақыт сүзгісінен өткен ұжым қалыптасты. Қазіргі таңда филармонияда 300-ге жуық адам еңбек етеді. Қысқа мерзім ішінде іргелі құрылым орнығып, кәсіби шығармашылық орта айқындалды. Филармония тек қалыптасып қана қойған жоқ, жаңа бағыттармен толығып, дамудың келесі белесіне қадам басты. Екі жыл бұрын облыс басшысының бастамасымен эстрадалық-симфониялық оркестр құрылды. Бұл ұжымда 50-ге жуық өнерпаз еңбек етеді. Ал биыл 45 адамнан тұратын камералық хор жасақталды. Біз тек барды сақтап қалумен шектелмейміз. Өнерді дамытып, жаңа бағыттарды қалыптастыру – басты мақсатымыз. Әр жаңа ұжым – сол ізденістің нәтижесі, – дейді директор.

Айтуынша, филармония құрамындағы іргелі ұжымдардың бірі – М.Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрі. Бұл – өңірлік деңгеймен шектелмейтін, ұлттық өнердің беделді мектебіне айналған шығармашылық ұжым.

– Біздің үлкен ұжымдарымыздың алдыңғы қатарында осы оркестр тұр. Қазіргі таңда мұнда 65 адам еңбек етеді. 1990 жылдан бастау алған оркестр бүгінгі таңда халықаралық сахналарда өнер көрсетіп, қазақ музыкасының кең тынысын әлемге танытып келеді. Оның репертуары халық мұрасынан бастап классикалық шығармаларға дейінгі кең өрісті қамтитын бай қазына. Филармония құрылымындағы жаңа тынысты ұжымдардың тағы бірі – «Жетісу сазы» фольклорлы-этнографиялық ансамблі. 2022 жылы облыс әкімінің қолдауымен құрылған ансамбль ұлттық өнердің түп-тамырына үңіліп, көмескілене бастаған үндерді қайта жаңғыртуды мақсат еткен. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Тұрсынхан Қарақожаева. «Жетісу сазы» – біздің ұлттық негізге қайта оралуымыздың көрінісі. Ансамбль арқылы біз халықтық музыканың байлығын, ұмыт бола бастаған үндерді қайта жаңғыртып отырмыз. Бүгінде ансамбль репертуарын қалыптастыру үстінде. Ұжым домбыра, қобыз, жетіген, адырна, сазсырнай, дауылпаз секілді ұлттық аспаптармен толық қамтылған. Әрбір орындаушы – кәсіби деңгейі жоғары, өз ісіне адал маман. Бұл тек концерттік ұжым емес, ұлттық кодты сақтаушы рухани алаң, – дейді басшы.

Филармонияда елімізге белгілі, кәсіби деңгейі жоғары өнерпаздар еңбек етеді. Атап айтсақ, эстрадалық-симфониялық оркестрдің көркемдік жетекшісі, М.Төлебаев оркестрінің дирижері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Әли Алпысбаев, дәстүрлі ән өнерінде өзіндік орны қалыптасқан Сая Есенгелдинова, Бейбіт Мұса, Арафат Ысқақ секілді әншілер бар. Сонымен қатар эстрада жанрында ел мақтанышына айналған «Славян базары» халықаралық байқауының бас жүлдегері Алмагүл Баталиева, «X-factor» финалисі Ақбота Сабыржанова, «Қазақстан дауысы» жобасының финалына дейін жеткен Дана Максим сынды жас таланттар да еңбек етеді. Бір сөзбен айтқанда, «сен тұр, мен атайын» дейтін деңгейдегі өнерпаздар топтасқан ұжым қалыптасты, – дейді Самат Жанғазыұлы.

Әңгіме барысында басшы ұжым жұмысының басты қағидаты – сапа мен шынайылық екенін де атап өтті.

– Филармония құрылғаннан бері бір қағиданы қатаң ұстанып келеміз. Бізде фоно-грамма қолданылмайды. Әр концерт – тірі орындау. Бұл – өнерге деген құрмет. Әнші сахнаға шыққанда үнемі өз формасында, кәсіби деңгейде болуы тиіс. Осы талапқа ерекше мән береміз, – дейді директор.

БҰЛ ұстаным көрермен сенімін нығайтып қана қоймай, өнердің шынайы бағасын арттырып отырған маңызды өлшемге айналған.

– Филармония тек концерттік ұйым емес, шығармашылық байланыс алаңы да. Қазіргі таңда ақындармен, композиторлармен тығыз жұмыс істейміз. Арман Бексұлтан, Серікзат Дүйсенғазиев сынды қаламгерлермен шығармашылық байланыс орнатып, жаңа туындылардың өмірге келуіне ықпал етіп отырмыз. Бұл бағыт – ұлттық өнердің үздіксіз жаңғырып, заманмен бірге дамуына жол ашатын маңызды үрдіс, – дейді ол.

Самат Жанғазыұлы биылғы Дәнеш Рақышевтің 100 жылдығына арналған ауқымды шаралар туралы да айтты.

– Жыл басында қара шаңырақта дәстүрлі әншілердің қатысуымен үлкен концерт өткіздік. Шараның шымылдығы бізден ашылып, бүгінде аудандарда жалғасуда. Сонымен қатар Астана қаласында да жоғары деңгейде өтті. Ал мерейтойлық шаралардың қорытындысы ретінде Республика сарайында үлкен концерт ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Бұл – Дәнеш рухына көрсетілген тағзым ғана емес, оның өнерін жаңа биікте танытудың жарқын көрінісі деп ойлаймын.
Алда тұрған маңызды жобалардың бірі – «Дәнеш дауысы» республикалық байқауы. Қазіргі таңда ғимаратымыз жөндеуден өтіп жатыр. Күзде, нақты айтқанда қазан айында осы үлкен байқауды өткізуді жоспарлап отырмыз. Додаға еліміздің түкпір-түкпірінен белгілі әншілер мен қоғам қайраткерлері қатысады деп күтілуде. Бұл тек байқау емес, Дәнеш мектебін жаңғыртатын рухани алаң болмақ.

Оның айтуынша, қазіргі таңда филармония жұмысы жолға қойылып, облыс әкімінің қолдауының арқасында материалдық-техникалық жағдайы жақсарып, шығармашылық мүмкіндіктері кеңейген.

– Ең бастысы – біз дұрыс бағытта келе жатырмыз, – дейді директор.

ҰЖЫМНЫҢ шамамен 80 пайызын жастар құрайды. Бұл – болашаққа деген сенімнің айқын көрінісі.

– Мамандарды алу үшін жұмыс жәрмеңкелеріне тұрақты қатысамыз. Сонымен қатар өңірімізде кадр даярлауға басымдық берілген. Осы бастаманың нәтижесінде Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінде хореографиялық бөлім ашылды. Бұрын бишілерді сырттан шақыратынбыз. Оларды тұрақтандыру да қиын еді. Қазір бұл мәселе біртіндеп шешімін табуда. Әлеуметтік мәселелер де кезең-кезеңімен реттеліп келеді. Барлығын бірдей баспанамен қамту мүмкін емес. Дегенмен, бұл бағыттағы жұмыстар да жүргізілуде.

Филармония – тек жұмыс орны емес, біртұтас рухани орта. Концерт кезінде бастық пен бағынышты болып бөлінбейміз. Барлығымыз бір мақсатқа жұмыла еңбек етеміз. Ұжымымызда адами құндылықтар жоғары бағаланады. Ардагерлерді құрметтеу – қалыптасқан дәстүр.
Филармония тарихын зерделеу бағытында да жүйелі жұмыс жүргізілуде. Бұған дейін Сүйінбай атындағы филармония туралы арнайы кітап жарық көрді. Алдағы уақытта Дәнеш Рақышев атындағы филармонияның жаңа кезеңіне арналған 5 жылдық жинақ шығаруды жоспарлап отырмыз, – дейді Самат Жанғазыұлы.

Сарби ӘЙТЕНОВА

Қатысты жаңалықтар

Жетісу гарнизонында ашық есік күні өтті

Жетісу гарнизонында ашық есік күні өтті

18.04.2026
Талдықорғанда ерлік сабағы өтті

Талдықорғанда ерлік сабағы өтті

18.04.2026
«Таза Қазақстан»: «Қызылтас–Тасбақа» шатқалында экологиялық акция өтті

«Таза Қазақстан»: «Қызылтас–Тасбақа» шатқалында экологиялық акция өтті

18.04.2026
Шаңырақ шаттығы еселенді

Шаңырақ шаттығы еселенді

18.04.2026
Рух пен өнер тоғысқан мекен

Рух пен өнер тоғысқан мекен

18.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.