Талдықорған: +16°C
$ 461.26
€ 542.58
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Сараның өшпес ізіндей

10.05.2026
ЖАНСАРАЙ
Сараның өшпес ізіндей
WhatsAppTelegramFacebook

«Алладан шыныменен жарлық келсе, Жұлдыз да жерге түсер аспандағы» деп Шал ақын айтқандай, Құдайдың пенде баласына берген ғұмыры өлшеулі. Біреуге ұзақ, біреуге келте ғұмыр ғой.

Айтыстағы қанаттасым Қанышаның да басынан бес күндік жалған дүние ерте өтті. Жетпіс жылдық мерейлі жасын жан жадыратар шаттықпен емес, еріксіз еске алумен қарсы алып жатырмыз. Тарих жылнамасында бұрынғы Талдықорған облысы Алматы облысына бірнеше мәрте қосылған-ды. Бірде Талдықорғанның, бірде Алматы облысының атынан айтысқа шықтық. Жандарбек Бегімбетов, Қаныша  Райысова үшеуміз аймақтың абыройын сан мәрте асқақтаттық.

Жандарбек «Илигай, халқымға» салғанда дүйім жұртты өзіне үйіріп алатын. Ал Қаныша «Кешегі Ақын Сара сіңлісімін» деп сырлы әуенге салып, тыңдарманын тербетіп әкететін. Бұл сонау 1990 жылдардағы айтыстың жаңа көтерілген кезеңі болатын. Жетісу аймағы бойынша айтыстың іргетасын қалаған «Жетсудың жеті жүйрігі» атанған аға буынның ізін жалғастырған үшеуіміз едік.

Жалпы, біраз ақын болған, олар жоғарғы деңгейге жете алмады. Ал жұлдыздай жарқыраған Жандарбек өмірден ерте кетті. Қаныша екеуіміз айтыстың бел ортасында жүрдік. Қаныша да шамасы жеткенше елдің намысын қорғады. Шабыты шарықтаған сәтте топ жарған кездері де болды. Кейде өмір өтпестей, уақыт көшпестей көреміз ғой. Осындай еренсіздік Қанышаның да бойынан табылды. 60 жылдық тойында: «Абыройың бар, айналаңда қадіріңді білетін елің бар. Неге өлеңдеріңді жинақтап, екі-үшеу болса да сүбелі айтысыңды топтастырып, бір кітап шығармадың? Тау басынан аунаған бұлттай бір күні мына жалған да аунай салады. Ал өнерің мен өлеңің мәңгі қалады», – деп сын-пікір айтқанмын.

Қанышаның көзі тірісінде «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы болып тұрған Дәурен Қуат хабарласып: «Қаныша апамыздың бір кітабын жинақтасам, соған өзіңіз редактор болыңыз», – дегенде: «Екі қолымды көтеріп қолдаймын, баяғыда-ақ айтқан өзім едім. Айтыстарын, өлеңдерін әкеп берсе, қолдауға дайынмын», – деп қуана келіскенмін. Тағы сол өзінің еренсіздігінен қалып қойды.

Бірақ, қалай дегенде де Сараның ізін жалғаған Жұмаш Оспанбековадан кейін Жетісуда Қаныша бар деп жүретінбіз. Уақытта тоқтам бар ма?! Жалған дүниенің жамалынан елеусіз ғана өте шықты. Ортамыз ойсырап-ақ қалды. Биыл 70-ке келетін еді.

Осындайда еске түседі ғой. Қанышаның жұбайы Қажымұрат марқұм өте сауатты жігіт еді. Қанышаға бағыт-бағдар беріп отыратын. Қажымұрат барда Қаныша айтыстың бел ортасын еншіледі. Қажекең мал дәрігері болса да айтыстың бағыт-бағдарын айтып, мынандай нәрсені қозғау керек еді, мынаны айту керек еді дейтін. Сөйтіп Қанышаны қайрап, жанып, шабыттандыратын.

Марқұм өмірден өткеннен кейін, бала-шағаның қамымен жүрген Қанышаның тоқырап қалған сәттері де болды. Алайда Қанышаның айтысқа сіңірген еңбегін ешкім жоққа шығара алмайды. «Сараның сіңлісі» деген аты бар. Жетісудағы айтыстың Аруанасы десек те жаңылмаймыз. Қанышадан кейін айтыскер ақын қыз бала шығара алмай отырмыз. Өнер мектебінде ізін басатын бір шәкірт тәрбиелеп шығаратын мүмкіндігі болды. Бірақ сырқаты сыр беріп, мақсатына жете алмады.

Қанышаның ақындығы бір төбе десек, бойындағы актерлік қабілеті басым еді. Егер айтыскер ақын болмай, театрды таңдаса, тамаша актриса атанары анық. Әсіресе, комедиялық рөлдерді жандыратын еді. Сол жолды таңдаса бұдан да танымал өнер майталманына айналар ма еді?! Бірақ ақындық жолды таңдады. Өзіне тән биігі, алған асуы бар ақын ретінде ел есінде қала береді.

Айтақын БҰЛҒАҚОВ,
ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Айтыстың аруанасы

Қазақ айтысының дамуы мен өркендеуіне ақын қыздардың қосқан үлесі ерекше. Кешегі Ұлбике мен Рысжанның, Айкүміс пен Саралардың ізін басқан Тәушен Әбуова, Әселхан Қалыбекова, Әсия Беркенова, Жадыра Құтжанова, Нәсілхан Тоқтасынова, Шолпан Қыдырниязова сияқты ақындарымыздың арасында айтыстың көрігін қыздырып, сахнаның сәніне айналып, Сараның сарқытындай болып Жетісу өңірінің намысын қорғаған Қаныша Райысованың орны ерекше.

Жетісудан шыққан Жұмаш Оспанбекова, Шәкура Әліпова, т.б өнерпаздардың арасында Қаныша апамның болмысы дараланып тұратын. Әсіресе ол әр айтысқа шыққан сайын киелі кимешегін, алтыннан қымбат ақ жаулығын басынан тастамайтын. Оның бұл ерекшелігі төл өнердің өкілі бола жүріп ұлттық болмысты, салт-дәстүрді, ұлттық киім үлгілерін де кең насихаттап, кейінгі буынға үлгі-өнеге болатын.

Өз басым мектеп қабырғасында жүріп-ақ, жерлестерім Айтақын Бұлғақов пен Қаныша Райысованың қамқорлығы мен мейіріміне бөлендім. 11-сыныпта оқып жүргенде ұстазым Сайрангүл Кәкімжанова менің жеке шығармашылық кешімді жасап беріп, Жоламан ауылының Мәдениет үйінде үлкен шара дүбірлеп өтті. Аудан әкімі Сәрсенғали Әжібаев, «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы ақын Дүйсен Аңсабаев, облыс орталығынан республикаға танымал Қаныша апам ауылыма арнайы келіп, мерейімді аспандатып кеткенін әлі күнге дейін зор құрметпен еске аламын. Содан бастап Қаныша апаммен тығыз байланыс орнатып, айтыстың ұзақ сапарларында талай мәрте бірге жүрдік. Ол кісінің қолы ашық, мінезі өте жайдары, әңгімешіл, өте талантты пародияшы еді. Әзіл әңгімелерді нақышына келтіріп айтқанда маңайдағы жан біткен езуін жия алмай қалатын.

Айтыс сахнасында неше жыл қаншама дүлдүл ақындармен айтысса да өз деңгейінен, адамшылық пен парасат биігінен төмендеген кезі жоқ.

Өкінішке қарай, бес баласын жеткізем деп жалғыз өзі тағдыр тауқыметімен алысқан асыл ана ортамыздан ерте кетті. Мәдениет саласының басшылары қамқорлық танытып, көңіл бөлгенімен төрт құбыласы түгелденбей, тұрмысы бүтінделмей кете барды. Әсілі, ол кісінің елге, айтысқа сіңірген еңбегі лайықты бағасын алған жоқ. Қайсыбір жылдары Бейсен Құранбек басқарып отырған облыстық «Жетісу» телеарнасында жүріп Қаныша апам туралы бір хабар түсірген едім. Бүгін Бейсен де, Қаныша апам да жоқ. Ал аяулы айтыскер апам туралы жасалған сол хабарым мүмкін әлі де сол телеарнаның «Алтын қорында» жатқан болар?

Алдағы уақытта Қаныша апамның айтыстары, жазба өлеңдері басқа да мұрасы жинақталып жарыққа шықса, тіпті, шығармашылығы кеңірек зерттеліп дипломдық, кандидаттық, докторлық диссертациялар жазылса нұр үстіне нұр болар еді. «Ізі бардың, іздеушісі бар» деген жұртпыз ғой. Артында өшпес өнері, өнегелі ізі қалған Қаныша Райысованың есімін ескеріп, еске алулар өткізу аздық етеді. Ескерткіш тұрғызбаса да өлеңдерін жинақтап, кітапқа айналдырса, руханиятымызға қосқан құнды мұра сол болар еді.

Балғынбек ИМАШ,
айтыскер ақын

Ақ кимешекті ақын

Өтпелі уақыт, өлшеулі өмір. Еске алуға айналған естен кетпес сәттер бүгін көз алдымда тізбектеліп, сана түкпірінен сәулеленіп тұр. Қаныша апамызбен ширек ғасырға жуық бірге жүрдім. Тіпті, бір жылдары облыстық ақындар айтысы өтіп, сахнада Сараның қасындағы Біржандай болмасам да сөз сайыста қайны мен жеңге болып, ел көңілін бір серпілткенбіз. Одан бөлек, түрлі рухани шараларда сапарлас болдым, облыстық, республикалық оқушылар арасындағы айтыста қазылар алқасында қатар отырдым. Әзілі әдемі, әңгімесі әсерлі еді. Осыдан 10 жыл бұрын 60 жылдық мерейтойына орай, І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында шығармашылық кеші өтіп, мәртебесі көтеріліп, мерейі тасыған сәтте інісі болып қасынан табылып, той көрігін қыздырған едік. Сол кезде де Қаныша Райсова деген есімнің айтыс әлемінде өз орны бар екеніне жетісулық ағайын куә болған.

Сонау бір жылдары ұлттың ұлы мұрасы айтыс өнерін насихаттауды қолына алған Жүрсін Ерман еліміздің түкпір-түкпірінен аға буын ақындардың басын қосып, дүбірлі додалар өткізуді жолға қойды. Қазір «аға буын» деп отырған алдыңғы толқын ол кезде «сен тұр, мен атайынның» нағыз өзі. Солардың ортасында Қаныша апамыздың да жарқырап жүруі Жетісу жұртының абыройын бір көтеріп тастайтын. Дәл сол кезеңде көш бастап, топ жарып, елінің ықыласына бөленіп, айтыстың аңызына айналған ғажап ақын, шырайлы Шымкенттен Әселхан Қалыбекова апам мен Арқалықтың ақтаңгері Қонысбай Әбілев ағамыз Қанышадай қанаттасының 60 жылдық мерейтойына арнайы келді. Қос халық ақынының бірі – қарындасым деп ағалық қамқорлық пейілмен келсе, бірі – өнердегі өрен жүйрік сіңлім деп сыйластықтың үлгісін көрсеткен еді.

Аттары аңызбен ұштасқан қос ақынның сол тойдың төрінде отыруы Сараның көзіндей болған Қаныша Райысованың ғана емес, дүйім жұртты бір мерейлендірді. Қаныша ақынның жерлестері алдында абыройы асқан-ды. Содан бері де аттай тулап, оқтай зулап 10 жыл өте шығыпты. Жетпіс жастың желкенін керіп, Жетісудың төрінде желпініп-ақ жүретін шағы еді. Амал қанша?! Ұлы Жаратушының әміріне бойұсынған пенде пешенесіне жазылғаннан артық ештеңеге қол жеткізе алмайды. Қаныша ақын да бұл күнде естелікке айналды. Есімі ел есінде, жұрт жадында осындай сәттерде бір жаңғырып тұрады. Тіршілігінде құрметтеп, жанындай жақсы көрген Тәушен Әбуова апасы мен Әселхан Қалыбекова әпкесінің, Қонысбай Әбілев пен Есенқұл Жақыпбековтей аға достары мен Ерік Асқаровтай інісінің ізімен бақиға бет түзегелі де жылдар жылжып өтіп жатыр. Өмірін өрнектеген өлеңі мен айтыстағы айшықты ізі барда аты атаусыз қалмайды. Есімі ескерілмей тұрмайды. Қанышадай ақын қызының сан додадағы жеңістерін сүйіншілей жеткізген, өзі тұрақты оқырманы болған облыстық «Jetisý» газетінің төрін ұсынып, рухы шат болсын деген ниетпен аз-кем ақын жайлы естелігімізді арнадық. Тіршілікте тағдырдың сынағына сынбай, сабырлықпен қарсы алған қайсар рух, жайсаң мінез Қаныша ақынның мәңгілік мекені жұмақ бағы болғай!

Жұматай ОСПАНҰЛЫ,
ҚР Ақпарат саласының үздігі

Қатысты жаңалықтар

Саннан сапаға бет алған мал шаруашылығы

Саннан сапаға бет алған мал шаруашылығы

11.05.2026
Бейбіт Исабаев Панфилов ауданының тұрғындарымен кездеседі

Бейбіт Исабаев Панфилов ауданының тұрғындарымен кездеседі

10.05.2026
Қаһарман ұлы қазақтың

Қаһарман ұлы қазақтың

10.05.2026
Тарихқа тағзым, өнерге құрмет

Тарихқа тағзым, өнерге құрмет

10.05.2026
Сараның өшпес ізіндей

Сараның өшпес ізіндей

10.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.