Талдықорған: +19°C
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

Әкімдер тағайындалмайды, сайланады: 2025 жылы Қазақстандағы басқару жүйесі қалай өзгереді

13.01.2025
САЯСАТ
Әкімдер тағайындалмайды, сайланады: 2025 жылы Қазақстандағы басқару жүйесі қалай өзгереді
WhatsAppTelegramFacebook

2025 жылдан бастап Қазақстанда аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін тікелей сайлау жүйесі іске қосылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл өзгерісті елдің саяси жүйесін трансформациялаудағы маңызды қадам деп атады. Жаңа механизм басқару процесінің ашықтығын, сайланған шенеуніктердің халық алдындағы жауапкершілігін және азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне белсенді қатысуын арттыруға бағытталған.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы ulysmedia.kz дерегіне сүйеніп хабарлайды. 

Сайлау жүйесіндегі оң өзгеріс

Өзгерістерге сәйкес, әкімдер тек тікелей сайлау арқылы сайланады. Яғни, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес:

  • Әкім төрт жылдық мерзімге сайланады.
  • Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте тұратын, 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары сайлауда дауыс бере алады.
  • 25 жасқа толған Қазақстан азаматы кандидат ретінде  тіркеле алады.

Әкімдердің өкілеттігі тоқтатылатын жағдайлар

Сайланған әкімнің өкілеттігі мынадай жағдайларда тоқтатылады:

Мерзімінен бұрын:

  • Әкімнің қайтыс болуы;
  • Сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылуы;
  • Саяси партияға мүшелігін тоқтату;
  • Жоғары тұрған әкім немесе мәслихат депутаттары тарапынан сенімсіздік вотумының жариялануы.

Зейнет жасына толу әкімнің өкілеттігін тоқтатуға негіз болып табылмайды.

Бұл неліктен маңызды және реформаның негізгі мақсаттары

Президент Қ.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елді саяси жаңғыртудың маңыздылығын атап өтті. Әкімдерді тікелей сайлау демократияландыру бағытын жалғастыруға арналған қадам екені айтылды. Сайлау жүйесіндегі аталған реформаның негізгі мақсаттары:

  • Ашықтық пен есептілік. Тікелей сайлау арқылы әкім болған азаматтар жоғарыға жалтаңдауды қояды, халыққа есеп беретін әкімдер институты қалыптасады.
  • Халық сенімін арттыру. Азаматтар жергілікті басшылықты таңдауға тікелей қатыса алады, сол арқылы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі шын мәнінде жұмыс істейді.
  • Бәсекелестікті ынталандыру. Сайлау процесі кәсіби мамандар мен жас саясаткерлерді көбірек тартады.

Реформа алдындағы қиындықтар

Сайлауды ұйымдастыру. Ашық және әділ дауыс беруді қамтамасыз ету үшін сайлау комиссияларын дайындау (оқыту) қажет.

Саяси бәсекелестік. Кандидаттарға, олардың қандай партияға мүше болғанына қарамастан тең жағдай жасау маңызды.

Сайлаушылардың білім деңгейі. Азаматтар өз құқықтары мен міндеттері туралы білуі керек, бұл елге қайырлы кандидаттың сайлауда жеңіске жетуі үшін керек. Ол үшін электорат іске мығым, сөзіне берік кандидатты таңдауда қателеспеуі тиіс.

Жаңа жүйе келешек үшін маңызды

Тікелей сайлау жүйесін енгізу жергілікті басқару тәсілін өзгертіп, оны халықтың қажеттіліктеріне бейімделген әрі тиімдірек етуі мүмкін. Бұл реформа Қазақстандағы демократияны нығайту жолындағы маңызды кезеңдердің бірі бола алады.

Әкімдерді тікелей сайлау – бұл тек ережелердің өзгеруі ғана емес, әрбір қазақстандықтың өз өңірінің болашағына әсер ету мүмкіндігі.

Айта кетейік, Қазақстанда 17 облыс, 188 аудан және 89 қала, оның ішінде республикалық маңызы бар 3 қала (Астана, Алматы және Шымкент) бар.

 

Фото: egemen.kz-тен алынды

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда БАӘ-нің ірі банкі ашылады

Қазақстанда БАӘ-нің ірі банкі ашылады

26.03.2026
Алимент өндіру жеңілдейді: Сенат маңызды хаттаманы қабылдады

Алимент өндіру жеңілдейді: Сенат маңызды хаттаманы қабылдады

26.03.2026
Ресми қашан тіркеледі? Әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер жолы

Ресми қашан тіркеледі? Әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер жолы

26.03.2026
Қазақстан криптовалютаға $700 млн салмақ: Ұлттық банк жаңа стратегияны іске қосады

Қазақстан криптовалютаға $700 млн салмақ: Ұлттық банк жаңа стратегияны іске қосады

26.03.2026
Жастар практикасы: Қай мамандықтарға сұраныс жоғары?

Жастар практикасы: Қай мамандықтарға сұраныс жоғары?

26.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.