Денсаулық сақтау министрлігі шетелге шығуды жоспарлап отырған қазақстандықтарға хантавирус инфекциясына қарсы сақтық шараларын еске салды, – деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Денсаулық сақтау министрлігі шетелге шығуды жоспарлап отырған қазақстандықтарға мынадай сақтық шараларын ұстануға кеңес беріп отыр:
- шетелге шыққан жағдайда кеміргіштерден және олардың бөлінділерінен (зәр, нәжіс, сілекей) аулақ болу, кеміргіштер мекен ететін орындарға бармау;
- кеміргіштермен ластануы мүмкін азық-түлік пен суды пайдаланбау, стихиялық және көшедегі сауда орындарында тамақтанудан бас тарту;
- азық-түлікті тығыз жабылатын ыдыстарда сақтау;
- жабық үй-жайларда болған кезде бөлмені алдын ала желдету және дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып бөлмені тазалау;
- үй-жайларды тазалау кезінде жеке қорғаныш құралдарын (қолғап, маска) пайдалану;
- адамдар көп жиналатын орындарға барған кезде жеке профилактикалық шараларды (арақашықтықты сақтау, маска, дезинфекциялық құралдар) қолдану, қол және тыныс алу мүшелерінің гигиенасын сақтау;
- сапардан оралғаннан кейін 1–8 апта ішінде әлсіздік, жоғары температура, айқын әлсіздік, бұлшықеттің ауыруы, жөтел немесе ентігу белгілері пайда болса, шетелде болғаныңыз туралы міндетті түрде хабарлай отырып, шұғыл түрде жақын маңдағы медициналық ұйымға жүгіну қажет.





