Талдықорған: +15°C
$ 443.96
€ 487.73
₽ 5.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Көңіл толқытқан кеш

26 мамыр 2026
КҮНДЕРЕК, РУХАНИЯТ
Көңіл толқытқан кеш
WhatsAppTelegramFacebook

Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық кітапханасында қазақ поэзиясының мөлдір мұңын, жүрек лүпілін, нәзік иірімін арқалаған әсерлі әдеби кеш өтті. Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Шабыт» фестивалінің жүлдегері Толқын Қабылшаның «Толқын да толқын ғұмырым…» атты шығармашылық кездесу кеші жырсүйер қауымның рухани тынысын кеңейтіп, әдеби ортаға ерекше сезім сыйлады.

Кешке қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері мен зиялы қауым қатысып, ақын шығармашылығы төңірегінде терең ой қозғады. Олардың қатарында ақын, Қазақстанның Құрметті жазушысы Нүсіпбай Әбдірахым, Қазақстан Жазушылар одағы Жетісу облыстық филиалының өкілі Жангелді Немеребай, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Нұрила Бектемірова, Сағыныш Намазшамова, Гүлбақыт Қасен, Торғын Тұрлыбаева, Зирагүл Нұрданбек сынды аяулы ақын қыздар мен өзге де әдебиетсүйер қауым болды.

Поэзия кеші жалынды жырмен, терең тебіреніспен өрілді. Толқын Қабылша жүрек түкпірінен туған өлеңдерін оқып, оқырманын сырлы сезім иіріміне жетеледі. Ақынның әр шумағынан өмірдің ащы-тұщысы, әйел жанының нәзіктігі, адам көңілінің алай-дүлей толқыны аңғарылып тұрды.

Жиында сөз алған қаламгерлер де жырдан шашу шашып, ақынның шығармашылық әлеміне тоқталды. Әсіресе, жан құрбысы Сағыныш Намазшамованың ақын туралы жүрекжарды пікірі көпшілік көңілін толқытты. Ол Толқын Қабылшаның поэзиядағы орны мен адамдық болмысын тебіреніспен әңгімелеп, қалам иесінің шынайы бейнесін ашып берді.

Өз кезегінде кеш кейіпкері жетісулық ағайынға алғысын арнап, өзінің ең алғашқы «Бір өлең – бір әлем» атты туындысын оқыды. Бұл сәт жиналған жұртшылықты өткен күндердің естелігіне жетелеп, ақынның шығармашылық сапарының бастауына көз жүгірттірді.

Әдебиет пен өнерді ардақтаған қауым кеш соңында кейіпкерге құрмет көрсетіп, иығына камзол жапты. Бұл – сөз өнеріне көрсетілген тағзым, жыр иесіне деген ел ықыласының айғағы еді.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ
Талдықорған қаласы

Қатысты жаңалықтар

Дрондар додасы:  мемлекеттік органдар арасында ауқымды жарыс өтті

Дрондар додасы: мемлекеттік органдар арасында ауқымды жарыс өтті

Бүгін, 20:31
Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына дайындық қарқынды жүргізілуде

Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына дайындық қарқынды жүргізілуде

Бүгін, 19:27
Ғылым министрлігі ҚазҰУ-да кешенді мониторинг жүргізеді

Ғылым министрлігі ҚазҰУ-да кешенді мониторинг жүргізеді

Бүгін, 19:21
Еңбек ұжымдарына Жолдау міндеттері түсіндірілді

Еңбек ұжымдарына Жолдау міндеттері түсіндірілді

Бүгін, 19:13
«Әділет» партиясы: Жетісуда мәдениет саласының инфрақұрылымы жаңарады

«Әділет» партиясы: Жетісуда мәдениет саласының инфрақұрылымы жаңарады

Бүгін, 18:39

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.