Талдықорған: +13°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Олимпиада чемпионы 5 ай жалақы алмаған

28 мамыр 2026
АЛТЫН ТҰҒЫР, КҮНДЕРЕК
Тарих. 32 жылдан кейінгі алтын

Сали Сабиров

WhatsAppTelegramFacebook

Миланда өткен 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш рет алтын медаль алып, ел қоржынына 32 жылдан кейін қысқы Олимпиада ойындарынан алтын сыйлаған 21 жастағы Михаил Шайдоров 5 айдан бері жалақы алмағанын мәлімдеді. Спортшы бұл жөнінде Тимур Балымбетовке берген сұхбатында айтты.

Михаил Шайдоров пен оның бапкерлер құрамы тарихи жеңістен кейін 5 ай бойы еңбекақы алмаған. Оның үстіне, спортшы 1 ақпаннан бастап дәрігерлік бақылаудан да айырылып қалғанын айтады. Жаңа маусымға арналған оқу-жаттығу жиындары мен бағдарламалар жоспары бекітілгенімен, қаржыландырудың жоқтығынан алдағы дайындықтың қалай өтетіні белгісіз күйде қалып отыр.

Шайдоров Олимпиадаға дейінгі төрт жылдық циклде костюм тіктіру, бағдарламалар қою сияқты негізгі шығындарды өз қалтасынан төлегенін, мемлекеттік қолдау тек 2025 жылғы Әлем чемпионатындағы күміс жүлдеден кейін ғана аздап болғанын жеткізді. Осы орайда, Туризм және спорт министрлігінің тек 2025 жылғы шығындарды жариялап, мұны «мемлекеттік қолдаудың тиімділігі» ретінде көрсетуге тырысуын спортшы өз еңбегін құнсыздандыру және жеке мәліметтерді рұқсатсыз жариялау деп есептейді.

Олимпиада чемпионын дайындау бір жылдың емес, көпжылдық үздіксіз еңбектің нәтижесі екенін алға тартқан Шайдоров бүгінде шенеуніктердің жеңіске ортақтасқанымен, чемпионның іс жүзіндегі қажеттіліктеріне, тіпті айлық жалақысына келгенде дәрменсіздік танытып отырғанына қынжылады. Жеңімпаздың басты мақсаты – тек кедергісіз дамып, ел туын көтеру, бірақ қазіргі жағдай оның келесі маусымға деген дайындығына үлкен сұрақ белгісін қойып тұр.

«Жетісу-Ақпарат».

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

6 қараша 2026
Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

6 қараша 2026
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Медицина қызметкерінің жалақысы өсуі мүмкін

6 қараша 2026
Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

6 қараша 2026
Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

6 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.