Талдықорған: +27°C
$ 485.95
€ 565.74
₽ 6.83
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ІЗГІЛІК ІЗІ

Тіршіліктің тынысын таныған

31.05.2026
ІЗГІЛІК ІЗІ, РУХАНИЯТ
Тіршіліктің тынысын таныған
WhatsAppTelegramFacebook

Ауыр еңбектің қиындығын көтере білген адамның жүзі жарық, малы адал. Көксу ауданы, Талапты ауылында тұратын Сәрсембай Дәуіт-ұлы 80-нің сеңгіріне шыққан ғұмырында адал еңбекпен табыс тауып, жан жары Тұрсынбүбі Асқарқызы екеуі 12 баланы тәрбиелеп өсірген жандар. Таудан тасып аққан Көксу өзенінің жағалауын мекендеген елді мекеннің сыйлы қарттарының бас құрағандарына 2028 жылы 70 жыл толады.

Ақсақалдың айтуынша, Алматы облысының Қаскелең ауданында тұрып, әпкелерінің, іні-қарындастарының алаңсыз білім алуы үшін ауыр еңбекке жастайынан араласыпты. Атап айтқанда, ақ таяқ ұстап қой бағыпты, шопырлық курсты бітіріп трактор және жеңіл көлік тізгіндепті. Өткен ғасырдың 60-шы жылдары Үшқоңыр жайлауында шопан болған Сәрсембай Дәуітұлы бауырларына қолынан келген көмегін беріп, қолдау көрсетіпті. Міне, осындай жанашырлықтың арқасында қазақ әдебиетіне «Ерте дәуірдегі қазақ әдебиеті», «ХІХ ғ-дағы қазақ ақындары» атты зерттеу еңбектерін, ақын Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің екі томдық таңдамалы шығармалар жинағын, Қожа Ахмет Яасауидің «Диуани хикмет» және «Төле би», «Абылай хан», «Хан Кене», «Тезек төре» секілді ғылыми-танымдық жинақтарын қалдырған филология ғылымдарының докторы, ақын Сәрсенбі Дәуітовтің есімі күллі Қазақстанға танылды. Інісінің ғалым атануына тілеулес болған жан бұл турасында:

– Інім Сәрсенбі саяси қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ қаламгерлерінің ақталуына үлес қосқан жан. Сол үшін Мәскеу, Ленинград қалаларындағы архивті ақтарып, талай ақтаңдақты анықтады. Табылған мәліметтерді Ұлттық ғылым академиясында қорғап, құрылған комиссияға дәлелдеуге күш салғанын жақсы білемін. 1982 жылы кандидаттық қорғады. Қорғауына барып қатыстым. Комиссия төрағасы Серік Қирабаев, хатшысы Мұхтар Мағауин екен. Астымда қызыл «Жигули». Сол кісілерді ары-бері тасып, қызмет көрсеттім. Кейін докторлық қорғағанда жұмыстан бара алмай қалдым. Ол да бір дәуір екен. Бүгінгі күні солардың үшеуі де бақилық, – деген ақсақал ауыр күрсініп қойды. Тағы бір інісі Қызырхан Дәуіт Жетісу өңіріне танымал тіс дәрігері әрі белгілі кәсіпкер атанған жан еді. Ол да «Covid-19» кезінде бақилық болды.

Өмір жолына көз жүгіртіп, өткен күндердің шуақты сәттерін ой елегінен өткізген кейіпкерім зайыбы Тұрсынбүбі Асқарқызымен кішкентайында атастырылғанын, есейген соң анасының талап етуімен ертерек бас құрағанын айтып өтті.

Шопанның ақ таяғын ұстаған алғашқы жылдары мал фермасының бастығы Мұхамедрахым Болысов, жылқы фермасының меңгерушісі Досбол ақсақал, Базаркелді Кенжебекұлы сынды азаматтардың көп жақсылығын көріп, сыйлас-сырлас болыпты. Дәл сол кезде Қаскелеңде жүрген әйгілі «Менің атым – Қожа» көркем фильмінің түсіріліміне қатысып, азын-аулақ гонорар алғанын сағына еске алды.

– 1968 жылы ағайым Жақыптың шақыруымен осы ауылға қоныс аудардық. Ол кезде Талдықорған Алматы облысының құрамында. Бір жылдан соң өз алдына бөлек облыс ретінде қайта бөлінген Талдықорған облысының тұрғыны болып шыға келдік. Алдымен кеңшарға су мұрап болып орналастым. Содан табан аудармай 25 жылға жуық Көксу өзенінен шыққан суды алқаптарға жеткізуге күш салып, егістіктердің жайқалуына үлес қосыппыз. Ширек ғасыр деген аз уақыт емес. Танаптарға су толық жетуі үшін күні-түні еңбектендік. Әсіресе, жаз кезінде суды түнде жүргізген тиімді. Осы уақта бой көтерген дақыл қажетті дымқылды бойына оңай сіңіреді әрі судың буланып кетуі болмайды. Арықтармен су оңай жүгіріп, топыраққа қажетті мөлшерде жетеді.

Зейнеткерлікке шыққаннан кейін 1994 жылы ауылдық кеңестің төрағасы ұжымның малын бағуға шығарды. Сөйтіп, ауылдан шығатын малға өзіміздің жекеменшік қойымызды қосып бағып, шопандықтың ақ таяғын қолға қайта алдық. 1995 жылы «Сәрсембай» шаруа қожалығын құрып, ауыр еңбектің көрігін қыздырдық, – деген ақсақал алғашқы кезде жүгері, жоңышқа, соя, сафлор, қант қызылшасы, картоп сынды дақылдарды өсіргенін жеткізді.

Диқан жердің құнарлылығын жоймас үшін жыл сайын түрлі дақылдардың тұқымын ауыстырып салып отырған. Яғни бірнеше жыл жүгері отырғызылған алқап тынығу үшін жоңышқа себілген. Бұның бәрі жерге деген жанашырлықтан екенін алға тартқан Сәрсембай ақсақал тынымсыз еңбектің арқасында 1 отар қой өсіргенін, «мал өсірсең қой өсір, табысы оның көл-көсір» деген мақалдың растығын Елубай Әйешев есімді зоотехникпен бірге көргенін айтты. Қой-ешкіні уақытылы дәрілеп, мерзімімен ұрықтандырып, сақман кезінде мұқият қарағанда төлден шығын болмайтынын түсіндірген кейіпкерім балаларының жоғары білім алуына көмектескенін атап өтті.

Балаларының бәрі жоғары білім алып, бір-бір мамандықтың иесі атанған. Бес қызы мұғалім, бір ұлы мал дәрігері, екінші ұлы тіс дәрігері оқуын тамамдаған. Кенже ұлы Керімбек діни оқу орнын бітіріп, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Жетісу облысындағы өкіл имамы қызметін атқаруда. Еңбек ардагерінің айтуынша, 8 қыз, 4 ұл өсірген әулеттен бүгінгі күні 51 немере, 70 шөбере өрбіген. Жаратқан Алла Тағаладан ұрпағының амандықта, есендікте, бейбітшілікте өсуін тілеп отыратын Сәрсембай Дәуітұлы маңдай терімен тапқан табысымен 2022 жылы умраға, 2023 жылы үлкен қажылыққа барып қайтыпты. Әулетіндегі іні-қарындастары, балалары мен келіндері, жиендері қасиетті мекенге бірге қадам басып, мұсылмандық борышын атқарды.

Талапты ауылы ақсақалдарының қатарында ел мен жердің өркендеуіне қатысты істерге ұйытқы болып, мал шаруашылығына, егістікке, су салуға байланысты туындаған сұрақтардың түйінін шешіп, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге көрсетіп келеді. Қазіргідей технологиялық өркендеу кезеңінде тіршіліктің жаңа тынысын тапқан жастарға қарата:

– Биыл мектеп бітіріп жатқан әрбір бала халқымыздың келешегі, ұлтымыздың болашағы екенін білуі тиіс. Сонда ғана мемлекетшіл, отаншыл, еңбексүйгіш мамандар шығады. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» дегенді қазақ бекер айтпаған. Қолы қимылдағанның аузы да қимылдайтынын қазіргі жас ұрпақ түсінсе деймін. Оны білген еліміздің жастары табысты, берекелі, сапалы бола түседі, – деген Сәрсембай ақсақал Қазақстан Республикасының көк Туы мәңгіге желбірей бергенін тілейтінін жеткізді.

«Ауылыңда қарт болса, жазулы тұрған хатпен тең» деген нақыл сөзді бабаларымыз қалай біліп айтқан десеңізші?! Бүгінгі күніміздің берекелі, заманымыздың тыныш, аспанымыздың ашық тұруы осындай қазына кеуделі қариялардың жанашыр тілегінің қабыл болуынан.

Ендеше, немере-шөбересінің тілеуін тілейтін қарттарымыз аман болсын!

Қатысты жаңалықтар

Тіршіліктің тынысын таныған

Тіршіліктің тынысын таныған

31.05.2026
Маусымнан бастап күшіне енетін негізгі өзгерістер

Маусымнан бастап күшіне енетін негізгі өзгерістер

31.05.2026
Бабалардан жеткен бұйым

Бизнеске бет бұрған буын

31.05.2026
Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жекке дайындықты бастады

Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жекке дайындықты бастады

31.05.2026
Ұлт жадын жаңғыртудың жаңа кезеңі

Ұлт жадын жаңғыртудың жаңа кезеңі

31.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.