Жасөспірімдер арасында Парижде (Франция) өтіп жатқан «Роллан Гаррос» турниріне қатысып жатқан 17 жастағы қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы алғашқы айналымда сенімді түрде жеңіске жетті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Заңғар Нұрланұлы алғашқы айналымда ұлыбританиялық Марк Чебанды (ITF жасөспірімдер рейтингісінде 36-орында) 6:3, 6:4 есебімен екі сетте жеңді. Ойын 1 сағат 37 минутқа созылды.
Қазақстандық жас теннисші 1/16 кезеңде Мотохару Абе (Жапония) мен Агасси Рашер (АҚШ) арасындағы жеңімпазбен жолығады.





