Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жетісу облыстық «Зекет және қайырымдылық» қоры қайырымдылық шарасын ұйымдастырды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Ізгі бастамаға «Сұңқар» және «Қайнар» ұжымы демеушілік көрсетіп, мерекелік қуаныштың көрігін қыздырды.
Шара барысында 50 балаға түрлі ойыншықтар тарту етілді. Бүлдіршендерге арналған сыйлық олардың езуіне күлкі сыйлап, мерекелік көңіл-күйді еселей түсті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай игі шаралардың басты мақсаты – балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлап қана қоймай, қоғамдағы мейірім мен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу.
Қайырымдылық акциясының соңында балалар көтеріңкі көңіл-күймен сыйлықтарын құшақтай үйлеріне тарқасты. Балдырғандардың жүзіндегі шаттық пен қуаныш демеушілер мен ұйымдастырушылар үшін ең үлкен марапат болды.





