Жасөспірімдер арасында Парижде (Франция) өтіп жатқан «Роллан Гаррос» турниріне қатысып жатқан 17 жастағы қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы 1/16 кезеңде қарсыласынан айласын асырып, келесі айналымқа шықты, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Қазақстандық теннисші турнирдің екінші айналымында америкалық Агасси Рашерді (ITF рейтингісінде 94-орында ) 6:2, 6:1 есебімен сенімді түрде жеңді. Ойын 1 сағат 6 минутқа созылды.
Келесі айналымдағы қарсыласы Янник Альварес (Пуэрто-Рико) пен Леонардо Штрок Франка (Бразилия) кездесуінің жеңімпазы болады.
Еске салайық, Заңғар Нұрланұлы алғашқы айналымда ұлыбританиялық Марк Чебанды жеңген еді.





