«Жетісу» футзал клубы үшін биылғы маусым үлкен сын болды. Премьер-лигадағы ең жас команда турнирлік кестеде төменгі орындардың бірін алып, плей-офф сатысына шыға алмаған. Клубтың келесі маусымда қалу, қалмауы да үлкен сөз болды. Енді ресми түрде «Жетісу» футзал клубы келесі маусымда Бірінші лигада ойнайды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
«Жетісу» турнирлік кестені 22 ұпаймен (44 матчта 6 жеңіс, 2 жеңіліс, 36 жеңіліс) 11-орында аяқтады. Одан кейін 20 ұпай алған «Ордабасы» орналасты.
Премьер-лигада қалу үшін өтпелі кездесу ойнаған «Жетісу» Талдықорғандағы бірінші кездесуде Бірінші лигада 2-орын алған «Елімайдан» (Көкшетау) жеңіліп, Астанада болатын қарымта ойынға қаржының жоқтығына байланысты бармаған. «Жетісудың» келесі маусымдағы жағдай белгісіз еді. Енді ресми «Жетісу» футзал клубы қалып, Бірінші лигада ойнайтын болды.
Инстаграмдағы клубтың ресми парақшасы: «Алдымызда жаңа сын, жаңа мақсатпен өзімізді дәлелдеуге жаңа мүмкіндіктер туындап тұр. Біз күреске дайынбыз, алаңда бар күшімізді салып, жаңа жеңістерге бірге ұмтыламыз. Командамызға сенім артып, әрдайым қолдау көрсетіп жүрген жанкүйерлерімізге алғысымызды білдіреміз. Бұл жолдан сүрінбей өтіп, алға қойған мақсаттарымызға жететінімізге сенеміз», – деген жазбасында.





