Талдықорған: +26°C
$ 489.33
€ 566.30
₽ 6.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Алаш рухын ұлықтаған

15.06.2026
РУХАНИЯТ
Алаш рухын ұлықтаған
WhatsAppTelegramFacebook

Қаратал жағажайында Жетісу облысының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш арысы Әлихан Бөкейханның туғанына 160 жыл толуына арналған «Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның туғанына 160 жыл. Алаш рухы – ұлт бірлігінің тұғыры» атты ашық аспан астындағы тағылымдық іс-шара өтті.

Аталған шараның мақсаты – жастар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, тарихи сананы қалыптастыру, Әлихан Бөкейханның ел тәуелсіздігі жолындағы қызметін кеңінен насихаттау және өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде тәрбиелеу.

Мазмұнды шарада 18-35 жас аралығындағы жастар, спортшылар, маргиналды жастар және қала тұрғындары арнайы дайындалған танымдық бағдарламаларға белсене атсалысты. Ұлттық тарих пен рухани мұраны дәріптеуге бағытталған басқосу көпшіліктің қызығушылығын оятып, ерекше әсер қалдырды.

Өз кезегінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Еркін Стамшалов «Әлихан Бөкейхан және Мұхамеджан Тынышпаев: Алаш ардагерлерінің өмірі мен қызметіндегі үндестіктер» тақырыбында дәріс оқып, қос тұлғаның қоғамдық-саяси қызметіне, ұлттық мүдде жолындағы күресіне және олардың идеялық сабақтастығына жан-жақты тоқталды.

Шара аясында Әлихан Бөкейханның өмірі мен қоғамдық қызметіне арналған зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Қатысушылар Алаш қозғалысы тарихы, ұлттық мемлекет құру идеясы және Әлихан Бөкейханның өмір жолына қатысты сұрақтарға жауап беріп, білімдерін сынады. Нәтижесінде ерекше белсенділік танытып, жоғары ұпай жинаған қатысушылар ұйымдастырушылар тарапынан арнайы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар қатысушылар назарына Алаш қайраткерлерінің мұрасын насихаттауға арналған кинокеш ұсынылды. Кинотуындылар арқылы жастар қазақ зиялыларының ел болашағы үшін атқарған еңбектерімен жақынырақ танысып, тарихи оқиғаларға жаңаша көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік алды. Іс-шара барысында «STOP EXTREMISM» атты флешмоб өткізіліп, қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, жастар арасында экстремизм мен радикалды идеологиялардың алдын алу, бейбітшілік пен келісім құндылықтарын дәріптеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Алаш қозғалысының тарихы мен оның қазақ қоғамының дамуына қосқан үлесі туралы тың мәліметтер алған қатысушылар, өз кезегінде ұлттық бірлік, тарихи жады және елдік құндылықтар жөнінде пікір алмасты. Мұндай іс-шаралар жастардың тарихи санасын нығайтып қана қоймай, олардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға, отансүйгіштік рухын қалыптастыруға және ұлттық мұраға деген құрметін күшейтуге ықпал етеді.

Алаш қайраткерлерінің идеялары мен мұрасы бүгінгі күні де өз маңызын жоғалтқан жоқ. Сондықтан ұлттық тарихты дәріптеуге бағытталған мұндай бастамалар қоғамның рухани дамуына қызмет етіп, жастарды елжандылыққа тәрбиелеудің тиімді құралы болып қала береді.

А. Жұмаш
Облыстық дін істері басқармасы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және
БАҚ-пен байланыс бөлімі

 

 

 

 

 

                                         

Қатысты жаңалықтар

Ауылдан басталған арман

Ауылдан басталған арман

15.06.2026
Талдықорғанда есірткіге қарсы акция ұйымдастырылды

Талдықорғанда есірткіге қарсы акция ұйымдастырылды

15.06.2026
«Әскерге жолдама» ұтып алған жаркенттік азамат ант қабылдады

«Әскерге жолдама» ұтып алған жаркенттік азамат ант қабылдады

15.06.2026
Қазақстан мен Грузия: мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы әріптестік

Қазақстан мен Грузия: мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы әріптестік

15.06.2026
Алаш рухын ұлықтаған

Алаш рухын ұлықтаған

15.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.