Талдықорған: +34°C
$ 487.02
€ 552.23
₽ 6.51
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ғасыр үні Жетісуда жаңғырды

25.06.2026
КҮНДЕРЕК, РУХАНИЯТ
Ғасыр үні Жетісуда жаңғырды
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған төрінде ұлт өнерінің мерейін асқақтатқан тағылымды кеш өтті. Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің «Ұлттық оркестр Талдықорғанда» атты гастрольдік концерті ұйымдастырылып, өнерсүйер қауымға ерекше рухани әсер сыйлады.

Жетісу жұртшылығы үшін бұл концерттің мәні ерекше болды. Себебі, қазақ музыка өнерінің қарашаңырағы саналатын Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі жер жаннаты Жетісу өңірінде араға он бес жыл салып қайта өнер көрсетті. Ұлтымыздың өнерін алтын арқауға айналдырған ұжымның Талдықорғанға арнайы келуі мәдениетсүйер қауым үшін айтулы оқиғаға айналды.

Қазақ музыка өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің негізі 1933 жылы академик Ахмет Жұбановтың бастамасымен қаланып, 1934 жылы ресми түрде құрылды. Бүгінде ұжым қазақтың бай музыкалық мұрасын сақтап қана қоймай, оны әлемдік мәдени кеңістікке танытып келетін бірегей шығармашылық мектепке ұласты.

Кеш бағдарламасына қазақтың дәстүрлі күй өнерінің жауһарлары, халық әндері, Жетісу әншілік мектебінің таңдаулы шығармалары және әлемдік классикалық музыканың үздік туындылары енді. Домбыраның күмбірі мен қобыздың қоңыр үні, жетігеннің сырлы сазы мен сыбызғының әуезді әуені көрерменді ұлт руханиятының терең әлеміне жетеледі. Әр шығарма арқылы қазақ даласының тарихы, болмысы мен рухы көрініс тапты.

Концерттің тағылымды тұстарының бірі – Жетісу өңірінің мәдени өміріне өлшеусіз үлес қосып келетін М. Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрінің дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор Әли Алпысбаевқа көрсетілген құрмет болды. Осы кеште Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі композитордың «Елге арнау» шығармасын орындап, көрерменнің зор қошеметіне бөленді. Туған жерге деген сүйіспеншілік пен елдік рухты арқау еткен туынды тыңдарманның жүрегіне жол тауып, залда ерекше әсер қалдырды.

Рухани кеште дирижер, «Құрмет» орденінің иегері Абылай Тілепберген ұлттық оркестр ұжымы атынан Әли Алпысбаевқа ізгі лебізін білдіріп, арнайы сый-сияпат табыс етті. Сонымен қатар ол тарихы терең оркестрдің Жетісу жеріндегі гастрольдік сапарының жүзеге асуына қолдау көрсетіп, оның ұйымдастырылуына ұйытқы болған Әли Демегенұлына алғыс айтты.

Өз кезегінде Әли Алпысбаев ұлт өнеріне көрсетілген ықылас пен құрмет үшін ризашылығын білдірді.

– Елімізде «Ұлт оркестрі» мәртебесіне ие ұжымдар саусақпен санарлық. Солардың көш басында тұрған Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі – төл мәдениетіміздің мақтанышы, ұлт өнерінің биік мектебі, – деген композитор Жетісу жұртшылығының атынан оркестр ұжымына шынайы алғысын жеткізіп, шығармашылық табыс тіледі.

Концертте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Жеңіс Ысқақова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері әрі оркестрдің көркемдік жетекшісі Батыржан Мықтыбаев, мәдениет саласының үздіктері Әсел Жылқышынова мен Ардақ Иткеева, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының солисі Асқар Рыспек, әнші Асхат Үрпеков және халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты Әсел Рақымжан өнер көрсетті.

Кештің тағы бір ерекшелігі – А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының жас виолончелистер ансамблінің сахнаға шығуы болды. Жас өнерпаздардың орындауындағы шығармалар ұлттық өнердің ұрпақтар сабақтастығы арқылы жалғасып келетінін айқын аңғартты.

Ұлттық оркестрдің шығармашылық табыстары оның кәсіби ұжымымен және білікті дирижерлерінің еңбегімен тығыз астасқан. Концерт барысында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, бас дирижер Жексен Айсын мен дирижер Абылай Тілепбергеннің жоғары кәсіби шеберлігі анық байқалды. Дирижер таяғының әрбір қимылы ұлт аспаптарының үнін бір арнаға тоғыстырып, шығармалардың көркемдік қуатын терең ашты. Олар басқарған оркестр әр туындының табиғатын дәл жеткізіп, көрермен мен музыка арасындағы рухани байланысты күшейте түсті.

Ғасырға жуық тарихы бар ұжымның орындауындағы әрбір шығарма көрермен жүрегінен орын тапты. Ұлт музыкасы мен заманауи орындаушылық өнердің үйлесімі қазақ мәдениетінің өміршеңдігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Күй құдіреті салтанат құрған кеш соңында көрермендер оркестр ұжымын ұзақ уақыт тік тұрып қол соғып шығарып салды. Араға он бес жыл салып Жетісу жеріне келген рухани қазынаға бай өнер ұжымының бұл гастрольдік сапары өңірдің мәдени өміріндегі жарқын оқиғалардың біріне айналып, ұлт өнерінің мәртебесін асқақтатқан ғажайып мереке ретінде ел жадында сақталары сөзсіз.

Сарби ӘЙТЕНОВА

Қатысты жаңалықтар

Мемлекеттік корпорация жаңа сервисті іске қосты

Мемлекеттік корпорация жаңа сервисті іске қосты

25.06.2026
Тоқаев 106 жастағы диктор Зұлқия Жұматованы «Құрмет» орденімен марапаттады

Тоқаев 106 жастағы диктор Зұлқия Жұматованы «Құрмет» орденімен марапаттады

25.06.2026
Журналистерге жаңа мүмкіндік: Президент баспана беру туралы мәлімдеді

Журналистерге жаңа мүмкіндік: Президент баспана беру туралы мәлімдеді

25.06.2026
Тоқаев журналистерді жаңа Конституцияның тең авторларының бірі деп атады

Тоқаев журналистерді жаңа Конституцияның тең авторларының бірі деп атады

25.06.2026
Мемлекет басшысы БАҚ қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі

Мемлекет басшысы БАҚ қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі

25.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.