2024 – 2025 оқу жылында 315 білім беру мекемесінің ішінен 281-де ыстық тамақ беріліп, 23 мектепте тамақтандыру, 11 оқу ордасында буфеттік тамақтану ұйымдастырылды. Облыс бойынша барлығы 65864 бала ыстық және буфеттік тамақпен қамтылған. Оның ішінде 1 – 4 сыныптардан 51936 оқушы, халықтың әлеуметтік осал топтары санатына жататын 10525 бала және халықтың осал топтарының отбасыларынан 5 – 11 сынып бойынша 13928 жеткіншек тамақтандырылған.
Биыл облыс көлемінде 25 мұғалім «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен, 4 мұғалім «Білім беру ісінің Құрметті қызметкері», 4 мұғалім «Еңбек ардагері» медалімен, 167 мұғалім Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Облыста 17 мектеп, 3 колледж, 3 балабақша, 2 лагерь, 1 қосымша білім беру ұйымы, 1 облыстық мекеме, барлығы 27 нысанға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 4 мектеп, 2 балабақша, 1 лагерь күрделі жөндеуден өтті. Осы жылы 8 білім беру нысанының құрылысы жоспарланып, оның бесеуі пайдалануға берілді. Қалған 3 нысанның аяқталуы келер жылдың еншісіне қалды. Жайлы мектеп жобасы аясында Панфилов ауданы Жаркент қаласында 1200 орынды мектеп 5 қарашада қолданысқа берілді. Алакөл ауданы, Достық ауылындағы 600 орынды мектептің құрылыс жұмыстарын 2025 жылдың екінші жартыжылдығында аяқтау жоспарланған.
Білім беру мекемелерінде жылыту жүйелері бойынша осы жылы 10 қазандық ауыстырылып, 6 нысанда күрделі жөндеу, 4 нысанда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, 12 нысанның газға қосылу жобалары іске асырылды. Басқа да нысандардың сапасын арттыру және олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытында жұмыстар әлі де жалғасуда.
Жалпы облыста 463 мемлекеттік білім беру мекемесі жұмыс істейді. Оның 315-і мектеп, 91-і балабақша, 20-сы колледж, 19 қосымша білім беру, 18 облыстық білім беру мекемелері.
Ясин ОРАЛБЕК





