Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) мен франциялық Анауэль Нгамиссенге (14-0, 9 КО) арасындағы жекпе-жек 5 сәуірде Астанадағы «Барыс Аренада» өтеді.
Бұл кездесуде Жәнібек орта салмақтағы WBO және IBF чемпиондық титулдарын қорғайды.
Жекпе-жек Жәнібек үшін ерекше маңызға ие, себебі ол 2017 жылдан бері алғаш рет Қазақстанда өнер көрсетпек. Соңғы рет ол 2024 жылдың қазан айында шаршы алаңға шығып, жаңа зеландиялық Андрей Михайловичті тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.
Анауэль Нгамиссенге үшін бұл оның мансабындағы алғашқы әлем чемпионаты титулы үшін күрес болмақ.
Жанкүйерлер бұл жекпе-жекті ESPN+ платформасы арқылы тамашалай алады.
Фото: Тұрар Қазанғапов