Қазақстан құрамасы Түркістанда өткен Бекзат Саттархановты еске алуға арналған жастар арасындағы халықаралық турнирде керемет нәтиже көрсетті.
Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Vesti.kz сайтының дерегіне сүйеніп хабарлайды.
Бұл турнирге Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Әзірбайжан, Қытай, Египед, Сауд Арабия, Кувейт елдерімен қатар Қазақстанның барлық аймағынан 300-ден астам кіл мықты боксшылар келіп, апта бойында жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады.
Бұл жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық боксшылар барлық 13 салмақта алтын жеңіп алды.
Фото: csp-sakha.ru