Жеңіліп көрмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағанбеттің (14-0, 12 КО) келесі жекпе-жегі белгіленді.
Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды
Қазақстандық боксшы кейінгі айқасын 6 сәуір Филадельфияда (Пенсильвания штаты, АҚШ) өткізіп, костариколық Энкарнасьон Диасты (20-6, 11 КО) бірінші раундта нокаутқа түсірген болатын. Бұл қазақ боксшының кәсіпқой карьерасындағы 14-ші жеңісі, оның он екісін нокаутпен аяқтап отыр. Ал кейінгі жеті айда Бек үшінші рет рингке шығып отырғанын айта кетейік. Енді міне нокаутпен жеңістен үш күн өте Бектің келесі жекпе-жегі белгіленді.
Айта кетейік, Бек Нұрмағанбет атақты мексикалық Сауль «Канело» Альварестің командасында жаттығып, онымен спаррингтер өткізеді.
Фото: instagram.com/nurmaganbet.bek.kazbekuli/