Қазақстандық боксшы Талғат Сырымбетов Бразилиядадағы Әлем кубогі кезеңінде бірінші жекпе—жегін өткізді.
Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Талғаттың 1/4 финалдағы қарсыласы ринг қожайыны Луис Оливейра болды.
Бұл жекпе-жекте бразилиялық боксшы таза жеңіске жетті — 5:0. Ринг қожайыны тіпті бірінші раундта Сырымбетовті нокдаунға да түсірген еді.
Енді кемі қола жүлдеге ілініп тұрған Оливейра 1/2 финалда өзбекстандық Мадияр Данияровпен жұдырықтасады.
Фото: ҚБФ