Филиппинде әйелдер арасындағы волейболдан Азия чемпиондар лигасы аяқталды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.
Финалда “Жетісу” волейбол клубы жеңіске жетті. Ол Вьетнамның «VTV Binh Dien Long An» клубымен кездесіп, 3:1 (25:14, 20:25, 25:23, 25:18) есебімен алға шықты.
Осылайша “Жетісу” өз тарихында Азияның клубтар арасындағы басты кубогына алғаш рет ие болып отыр. Осыған дейін күміс (2013) және қола (2014) медаль алған еді. Клуб бір жылда өзі қатысқан барлық жарысты жеңіспен аяқтады.
Бұл турнирде бұганға дейін Қазақстанның «Рахат» (Алматы), «Алтай» (Өскемен) және «Қуаныш» (Солтүстiк Қазақстан) командалары чемпион атанған еді.
Ендi талдықорғандық команда өз тарихында алғаш рет қыркүйек айында Таиландта өтетін клубтық әлем чемпионатына қатысады.
Фото: Серік Қантай