Филиппинде волейболдан әйелдер командалары арасында Азия чемпиондар лигасының ойындары өтіп жатыр.
Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Prosports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Чемпиондар лигасында Қазақстан намысын ел чемпионы, кубок және суперкубок иегері «Жетісу» (Талдықорған) командасы қорғауда.
Бұрымды волейболшылар бүгін өткен топтық кезеңнің бірінші матчында «Creamline» (Филиппин) командасынан 3:0 (25:16, 25:17, 25:17) есебімен басым түсті.
Келесі ойынды қыздар ертең, 22 сәуір, «Әл-Насрға» (Иордания) қарсы өткізеді.
Осыған дейін «Жетісу» Азия клубтық чемпионатына тоғыз рет қатысып, екі рет финалға дейін жетті. 2010 жылы Индонезияда соңғы бәсекеде таиландтық «Federbrau» (1:3), ал 2013 жылы Вьетнамда қытайлық «Guangdong Evergrande» (1:3) командасына жол берді. Сонымен қатар төрт рет қола жүлде үшін алаңға шығып, соның екеуінде жеңіске жетіп, үздік үштікті түйіндеді.
Фото: instagram.com/vc_zhetysu/