ЖАС ҰРПАҒЫ ЖІГЕРСІЗ, РУХСЫЗ МЕМЛЕКЕТТІҢ ЕРТЕҢІ ДЕ БҰЛЫҢҒЫР
РУХАНИЯТ"Білімді ұрпақ – ел болашағы. Адам бойындағы ең тамаша нәрсе – білім мен ақыл". Жүсіп БАЛАСАҒҰНИ
«Білім – инемен құдық қазғандай», - деп дана халқымыз текке айтпаған. Себебі, білім жолына жұмсалған күш-жігер, кеткен уақыт ертеңгі күнге деген мол азық болмақ. Сол үшін әрбір адам білім жолында ерінбей тер төгуі керек.
Қандай кезең болса да, жас ұрпақ білімді де білікті болуға міндетті. Себебі, елдің ертеңгі тізгінін қолдарына берік ұстап, халықты сара жолға салатын, өркениетке бастайтын – білімді ұрпақ екені анық. Ал оларға саналы тәрбие, сапалы білім беретін, әрине, ұлағатты ұстаздар қауымы. Білім ордасы саналатын мектеп қабырғасында жүрген сәттен бастап әрбір оқушы өз алдына айқын мақсат қоюы керек. Сол мақсатқа жету жолында олар тынымсыз, үздіксіз білім алуға міндетті.
ХХІ ғасыр – ақпараттың, білімнің, жаңа технологияның ғасыры. Біз қазір бұрынғыдан мүлдем өзгеше жаңа заманға қадам бастық десек, артық айтқандық болмас. Демек, білімге деген талап та жоғарылап, өзгеше сипат алды. Технология қалай қарыштаса білімге деген талап та түбегейлі өзгереді. Сондықтан да, жас ұрпақ біріншіден, ақылды, екіншіден, білімді болуы керек. Ол үшін тағы да қайталап айтамын, білім алу керек. Үнемі еңбектенген адамның ғана болашағы жарқын, келешегі кемел болады.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Болашақтың бүгіннен де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімде ғана екенін ұмытпауымыз керек. Бүгін бой емес, ой жарыстыратын заман. Ал осындай дамыған заманда біздің мемлекетіміз көштің басын бастауға міндетті. Себебі, ұлттың ұрпағы білімсіз, жігерсіз, рухсыз болса ол мемлекеттің жетер жетістігі көп болмайтыны анық.
Әрбір елдің болашағы өз Отанына шексіз берілген патриоттық рухы жоғары, ержүрек, қайсар ел азаматын тәрбиелеуден бастау алады. «Халық түзелуінің үміті – жастарда. Сондықтан, жастардың қалай оқып, қалай тәрбиеленуі – бәрінен бұрын ескеріп, бәрінен жоғары қойылатын жұмыс», - деген екен өткен ғасырда ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов. Олай болса, ертеңгі елдің тізгінін ұстайтын білімді де білікті жастарды тәрбиелеу, болашақ мамандарды оқыту, оларға түзу жол көрсету біздің басты мақсатымыз екенін ұмытпайық.
Алтай БОСКОМБАЕВ,
"Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" ММ №2 орта мектептің көркем еңбек пəні мұғалімі
Алматы облысы
Сурет - ғаламтордан
Тағы да оқыңыз:
-
05.04.2021ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ЖАЗУШЫСЫ ҚАБДЕШ ЖҰМАДІЛОВ ӨМІРДЕН ОЗДЫ
-
04.04.2021ЖАМБЫЛ МЕН АБАЙ КЕЗДЕСКЕН БЕ? ПРОФЕССОРДЫҢ ЗЕРТТЕУ МАҚАЛАСЫ
-
02.04.2021ЕШКІМ ӨЗГЕРТЕ АЛМАЙТЫН БІР АҚИҚАТ БАР: ҚАЗАҚ ТІЛІ - МӘҢГІЛІК ТІЛ!
-
01.04.2021СЫНИ ТҰРҒЫДА ОЙЛАНАТЫН МҰҒАЛІМНІҢ ШӘКІРТТЕРІ ДЕ МЫҚТЫ БОЛАДЫ
-
01.04.2021ТӨРТІНШІ ТОҚСАНДА БАЛАЛАР ҚАЛАЙ ОҚИДЫ? БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАУАБЫ
-
01.04.2021АУҒАН СОҒЫСЫНДА ХАБАРСЫЗ КЕТКЕН ҚАЗАҚ: ҚАРУЛАСТАРЫ ІЗДЕУ САЛДЫ
-
30.03.2021ОНЛАЙН САБАҚТЫҢ ПАЙДАСЫ: ОҚУШЫЛАР ӨЗ БЕТІМЕН ІЗДЕНУГЕ ДАҒДЫЛАНДЫ
-
29.03.2021ТАЛДЫҚОРҒАНДА ТЕАТРІШІЛІК ФЕСТИВАЛЬ ӨТІП, ЖЕТІ ҚОЙЫЛЫМ ҰСЫНЫЛДЫ
-
29.03.2021БАЛАНЫҢ БОЛАШАҚТАҒЫ БЕТАЛЫСЫ БАСТАУЫШ БІЛІМГЕ БАЙЛАНЫСТЫ
-
28.03.2021МҰҚАҒАЛИДЫҢ ҰЛЫ ТАЛДЫҚОРҒАНҒА КЕЛІП, ӘКЕСІ ТУРАЛЫ ЕСТЕЛІКТЕР АЙТТЫ