БАЛАЛАР ҮЙІРМЕСІНЕ НЕ ҮШІН ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕЙ ЖАТЫР? ОБЛЫС ӘКІМІ ТҮСІНДІРДІ
ӘЛЕУМЕТАлматы облысының әкімі Қанат БОЗЫМБАЕВ жан басына қаржыландыру нормативі бойынша ашылған балалар үйірмелері жұмысының тоқтау мәселесін кәсіпкерлермен бірлесіп талқылады.
Облыс әкімі өз сөзінде бұл бағдарламаның кемшілігі көп екенін айтты. «Ең бастысы, кез келген бағдарлама бюджет қаржысына сәйкес келуі керек. Ал бұл бағдарлама шексіз пирамида сияқты. Мәселен, былтыр мәдениет саласына 1,5 млрд теңге бөлінді. Биыл 2,4 млрд теңге қарастырылды. Бұл қаржы екі-ақ айға жетті. Бағдарлама пирамида сияқты болса, тек осы үйірмелердің өзіне 34 млрд.теңге керек болады. Ондай қыруар қаржы облыста жоқ», - деді Қ.Бозымбаев.
Әкімінің айтуынша, биыл 15 мектептің құрылысын бітіру керек. Еңбекшіқазақ, Қарасай сияқты халық тығыз орналасқан аудандарда үш ауысымды мектептердің мәселесі әлі де өзекті. Бірінші кезекте осы проблеманы шешу қажет. «Облыста бюджеттің 55 пайызы білім саласына, 30 пайызы әлеуметтік салаға бағытталады. Одан бөлек, жол, ауызсу сияқты басқа да көптеген мәселе бар. Оларды да шешу керек», - деді Қанат Бозымбаев.
Облыс басшысы Мәдениет және спорт министрлігі бағдарламаны бір жүйеге түсіріп, бекіткеннен кейін ғана қаржыны қайта есептеу және қаражат бөлу қарастырылатынын айтты.
"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"
Тағы да оқыңыз:
-
15.04.2022СӘУІР АЙЫНАН БАСТАП ЗЕЙНЕТАҚЫ МЕН ЖӘРДЕМАҚЫ ӨСТІ - МИНИСТРЛІК
-
14.04.2022ҚАҒАЗ ҚҰЖАТТАРДЫ ТАСУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ. EGOV MOBILE ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕСІЗ?
-
13.04.2022"БАҒА УДАЙ. МИНИСТРЛІКТЕР БІР-БІРІНЕ СІЛТЕЙДІ". ДЕПУТАТТЫҢ ЖАНАЙҚАЙЫ
-
10.04.2022МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ ЖАҢАДАН ҚҰРЫЛАТЫН ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ ЖАЙЛЫ ПІКІР БІЛДІРДІ
-
09.04.2022КЕГЕН АУДАНЫНДА ҮШ БӨЛМЕЛІ ЖЕРҮЙЛЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ - ӘКІМДІК
-
08.04.2022АҚСУ АУДАНЫНДА ЕКІ МЕКТЕП ЖАҢАРТЫЛАДЫ - ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ
-
05.04.2022БАЛА СҮЮ БАҚЫТЫ БІР-АҚ СӘТТЕ БОЛА ҚАЛМАЙДЫ. ОҒАН ТЕМІРДЕЙ ТӨЗІМ КЕРЕК
-
04.04.2022ШЕТЕЛДЕ ЖҮРГЕН ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТЫ ТӨЛҚҰЖАТЫН ҚАЛАЙ РӘСІМДЕЙДІ?
-
01.04.2022АЛМАТЫ ОБЛЫСЫН ЕКІГЕ БӨЛУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ - ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ
-
30.03.2022ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВТЫҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУІ КӨКСУ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ