Дыбыс энергиясына арналған концерт

Уақыты: 25.07.2017
Оқылды: 1127
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

ЭКСПО – 2017 көрмесі аясында Папуа-Жаңа Гвинея тәуелсіз мемлекетінің Ұлттық күніне ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры Нұркен Тілеуов және делегация басшысы Папуа-Жаңа Гвинеяның Мұнай және энергетика департаментінің қазіргі хатшысы Kepsey Puiye қатысты. Сондай-ақ осы шараның шеңберінде ауқымды мәдени бағдарлама өткізіліп, ұлттық би мен музыкалық туындыларын ұсынатын бишілер және музыканттар өнер көрсетті. Өткен демалыс күндері бұдан өзге де тарихи оқиғаларға толы болды.

Сол қатарда Аргентинаның Ұлттық күніне жиналғандардың қарасы көп болды. Шараға ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Аргентинаның Ғылым және инновациялық өндіріс министрі Лино Баранао, сондай-ақ Аргентина Республикасының федералды БАҚ жүйесі және қоғамдық ұлтты ұстау министрі Ернан Ломбарди қатысты. Сонымен қатар, ресми салтанаттан кейін қонақтардың назарына дәстүрлі би мен музыка ұсынылды. Айталық,  Джоэль Эммануэль Ернандес, Родриго Риффо және Фернандо Десанти «маламбо» биін орындады.  «Маламбо»  – ерлер биі, ол арқылы гаучо өздерінің бишілік айбыны мен күшін дәлелдеп келген. Маламбо үздік бишілерінің өз елінде беделі жоғары, өйткені бұл би өте қиын әрі үздік атағына ие болу үшін аяқ техникасының асқан шеберлігімен қажырлы еңбек ету қажет. Мерекелік шарадан кейін ресми делегация Қазақстан және Аргентина павильондарын аралады.
Өткен апта Африка құрлығындағы елдер үшін де қуанышқа толы болды. Өйткені Уганда африкалық республикасының Ұлттық күнінде дәстүрлі билерді билейтін «Crane» тобы өнер көрсетті. Бүкіл Африканы кезіп өткен Уинстон Черчилль тамаша флора мен фаунасы үшін Уганданы Африканың маржаны деп атап кеткен. Ұлттық экспонаттарымен бірге көрмеде ұсынылған Уганда павильоны елдің бірегей мәдениетін паш ететін үздік павильондардың бірі ретінде танылған.
Әсіресе, Мұрат Бисенғалиевтің жетекшілігіндегі симфониялық оркестрдің “Дыбыс энергиясы” концерттік жобасы отандық және шетелдік қонақтардың ризашылығына бөленді. Ірі ауқымды музыкалық шоу «Дыбыс энергиясы» – халықаралық көрменің айтулы бір іс-шарасы және қазіргі заманның ең тамаша симбиозы. Қазақстандық виртуоз скрипкашысының, аты аңызға айналған британдық композитордың, Ресей және Ұлыбританияның дарынды режиссерлерінің, жаңа технологиялар мен заманауи 3D жабдықтарды қолдана жасаған нақты дыбысты және көрнекі феерия.  «Дыбыс энергиясы» шоуы – бұл тек қана біржарым сағаттық әлемнің тарихына саяхат емес, сонымен қатар, дыбыс пен 3D-визуализация арқылы ғарыштың кеңістік ұлылығы мен сұлулығын көруге мүмкіндік.

Қажет АНДАС