Жүйелі жұмыс жалғасады

Уақыты: 15.08.2017
Оқылды: 1649
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

«Рухани құндылық пен жоғары адамгершілік жоқ жерде мәдениет салтанат құрмайды»,  – деп Елбасымыз атап өткендей, бабалардан қалған терең философиялық көзқарас пен береке-бірліктің арқасында еліміз күннен-күнге өркендеуде. Дамыған 30 елдің қатарынан табылу – Тұңғыш Президентіміз бен ғасырлар бойы талай қиындықты бастан өткерген халқымыздың асқақ армандарының бірі. Әлем халықтарымен бәсекеге қабілетті болу үшін мәдениет саласы қызметкерлерінің де қосатын үлесі ұшан-теңіз.

 

Бүгінгі таңда бөлінген қаржы мақсатты игерілуде. ҚР «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасында терроризмнің алдын алу бойынша іс-шаралар жоспары мен жұмыс тобы құрылған. Сарқан, Шонжы, Қаскелең және Қапшағайда «Терроризмнің алдын алу, сондай-ақ терроризм актісі кезіндегі іс-қимыл туралы» деген тақырыпта мәдениет қызметкерлерімен семинар өткізілді. Семинарда облыс­тық дін істері басқармасы дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының Сарқан ауданы бойынша инспекторы Қуан Түсіпхан, Ұйғыр ауданы бойынша инспекторы Ақжол Асанов, облыстық ішкі істер департаментінің полиция-ма- йоры Саят Слямов, полиция-­подполковнигі Мырзағазы Малмақов өз ойларымен бөлісті. Сондай-ақ, облыстық халық шығармашылығы орталығында аудандық Мәдениет үйлері директорларының қатысуымен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу негізінде 140 адам қатысқан «Терроризмге жол жоқ» ат­ты жиын өтті. Ал Райым­бек аудандық кітапханасында жастармен «Бірлігіміз бен ынтымақтастығымызға қол сұғуға ешкімге жол берме!» атты «дөңгелек үстел» өтті. С. Серкебаев атындағы мектептің жоғары сынып оқушылары мен ішкі істер департаментінің жергілікті инспекторы Данияр Байсейітов және Әлмерек баба мешітінің найб имамы Нұрбол Әлімбеков­тің атсалысуымен өткізілген жиында басқа ағымдағы жат пиғылды адамдардың теріс әрекеттері туралы айтылып, ислам дінінің негізгі ұстанымдарына қайшы келмейтін адамгершілік қағидалары жайлы кеңінен түсіндірілді.
Өңір кітапханалары жос­парға сәйкес діни экстремизм, терроризмнің алдын алу мақсатында оқырмандар арасында мәдени көпшілік шаралар ұйымдастырды. Мысалы, Алакөл аудандық кітапханасында «Діни экстремизм және оның алдын алу» тақырыбында саяси сағат өтті. Шараға Алакөл ауданының имамы Әнет Молдахметов, Талапкер орта мектебінің 8 – 9-сынып оқушылары, кітапхана қызметкерлері қатыс­ты. Саяси сағат барысында имам Әнет Молдахметов дін саясаты туралы кеңінен әңгімелеп, оқушылармен елімізде таралып, белең алып бара жатқан дәстүрлі емес діни ағымдар туралы пікірлерімен бөлісті. Ескелді аудандық кітапханасында «Терроризм – адамзаттың қасіреті» тақырыбында ақпарат сағаты өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – қоғамда орын алып жатқан діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, діни секталардың жолын кесу, олардың зияны туралы түсінікті қалыптас­тыру. Шараға Алматы облысының дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының инспекторы Болат Қанапия, аудандық орталық мешіт наиб имамы Жанарбек Мұратұлы, жоғары сынып оқушылары шақырылды. Шараға қатысқан әр оқырман діни эстремизм туралы, ислам дініндегі толеранттылыққа шақыратын негіздер туралы ақпарат алып қайтты. Текелі қалалық кітап­ханасы оқушылармен «Терроризм­нің қанқұйлы қадамы» атты сұхбат ұйымдастырды. Кітапханашы Е. Житникова терроризмнің алдын алу шаралары туралы әңгімелеп, оқырмандарға террористік акт кезінде не істеу керек деген жадынама таратып, «Терроризм – үрей аумағы» атты кітап көрмесімен таныстырды.
Жыл санап мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базалары артып келеді. Халықтың бос уақытын тиімді өткізетін орындарын талапқа сай ұстау – мәдениет саласының басты міндеті. Оның ішінде терроризмнің алдын алу мақсатында бейнеқондыр­ғылар да қарастырылған. Осының барлығы халықтың мәдени өмірін қамтамасыз ету, келешек ұрпақтың санасын жат қылықтардан сақтау жолында көрсетіліп жатқан мемлекет көмегі екені белгілі. Алдағы уақытта жұмыстар жүйелі түрде атқарыла береді. 

Төлеужан ҒҰМАР,
облыстық мәдениет, 
архивтер және 
құжаттама басқармасының бөлім басшысы.