ҚАЙТА САЙЛАНДЫ

Уақыты: 18.08.2017
Оқылды: 1060
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауыл округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауыл әкімдерінің сайлауын өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Текелі қаласына қарасты Рудничный ауылдық округінің әкімі сайланды. 
Сайлау комиссиясының хабарлауынша,  Рудничный ауылдық округіне әкім болуға Текелі қаласының мәдениет және тілдерді дамыту, ветеринария бөлімдерінің басшылары Марат Дәуренбаев пен  Сергей Махаев үміткер болған. Алайда Текелі қалалық мәслихат депутаттарының жасырын дауыс беруі нәтижесінде таңдау­шылардың басым көпшілігі Сергей Вишняковтың әкім болуын қалаған. Сөйтіп, осы уақытқа дейін аталған ауылдық округте оң нәтижелі жұмыс көрсетіп жүрген  Сергей Вишняков қайтадан әкім болып сайланды. 


Шора БАТЫРБАЕВ.
Текелі қаласы.