Тәлімі мол жүздесу

Уақыты: 04.09.2017
Оқылды: 1203
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтыл­ған өзекті мәселелер мен ауқымды міндеттерді жүзеге асыру жұмыстарын талқылау мақсатында облыс әкімі Амандық Баталов Жетісу жерінің өркендеуіне үлес қосқан еңбек ардагер­лері мен шығарма­шылық зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізді. Талды­қорғандағы жеміс тәлім бағында өткен ашық кездесуді белгілі журналист Бейсен Құран­бек жүргізіп отырды.

Еркін сипаттағы оты­рыс­тың алғашқы бөлігінде өңір жетекшісі аймақтың жетіс­тігі мен көрсеткіші жайлы кеңінен айтып өтті.

– Құрметті зиялы қауым өкілдері! Ардақты ардагерлер! Сіздермен дидарласып, кездесіп отырғаныма қуаныштымын. Қазіргі уақытта халық пен биліктің арасында шынайы байланыс болмайынша қоғам­дық пікір, азаматтық ұста­ным қалыптаспайтынын өмір­дің өзі дәлелдеп берді. Бүгінгі күні салмақты ой, сарап­тама­лық пікір, елдік тұрғыда сөз қозғайтын зиялы қоғам қай­рат­керлерінің қатары толыға түсуде. Олар – сіздерсіздер! Сіздер мемлекеттік саясат­ты, жүргізіліп жатқан рефор­маларды, рухани жаңғыруды халыққа жеткізуде бізге қол­дау көрсетіп келесіздер, – де­ген Амандық Ғаббасұлы об­лыс­та атқарылған жұмыс­тар­дың нәтижесін таныстырып өтті. – Біз 2017 жылды жақсы жаңалықпен бастадық, облыс­тың 2 миллионыншы тұрғыны дүниеге келді. Балаларды бала­бақшамен қамту көрсеткіші былтыр 83% болса, биыл жыл соңына дейін 95%-ға жетеді деп жоспарлануда. Биыл 44 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Мүгедек балаларға арналған мектеп-интернаттың жобалық сметалық құжат­тары әзірленуде. Мүмкіндігі шектеулі балаларға 9-шы сы­нып­тан кейін арнайы кәсіптік білім беріліп, мамандық алып шығу мәселесі де қарас­тырылу­да. Былтыр мүгедектерге 2,4 миллиард теңге бөлініп, олар әлеуметтік көмекшінің қызме­тімен, емдеу шараларымен, қажетті құралдармен қам­тыл­ды.

Облыс әкімінің айтуынша, Жетісудің жетістігін Елбасы еліміздің өзге өңірлеріне үлгі ретінде ұдайы айтып отырады. Жақында ғана Бурабайда облыс әкімдерімен кездескен Пре­зидент Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысының көрсеткіш­терін мысалға алып, шаншыған шыбық өніп кететін өлкенің табысына ризашылығын  біл­дірді.

Мемлекет басшысының іл­ти­патына ие болған Жетісу же­рі­нің жетістігі шынында да  қомақты. Оған облыс әкімі кел­тір­ген мәліметтер дәлел болады. Атап айтқанда, биылғы қаңтар-маусым айларында облыстың өнеркәсіп саласы 329,4 мил­лиард теңгенің өнімін өндірсе, ауылшаруашылық саласында құны 149,8 миллиард теңге бо­ла­тын өнім алынған. Сондай-ақ, осы кезең аралығында 174,6 миллиард теңгенің инвестиция­сы тартылып, 12 мың 724 жұ­мыс орны құрылған. Соның арқасында жұмыспен қамту органдарына тіркелген 28 мың 944 адамның 12 мың 406-сы жұмысқа орналастырылған. Одан бөлек, 5 мың 994 адам қоғамдық жұмыстарға жібе­рілген. Жетісу жұртшылығын табиғи газбен қамтамасыз ету ісі жеделдетіліп, облыс аума­ғындағы 741 елді мекеннің 473-і газбен қамтамасыз етіліп жа­тыр. Газдандырудың алғашқы кезеңінде Жамбыл, Қарасай, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ, Ұй­ғыр, Панфилов, Көксу, Ескелді аудандары мен Қапшағай, Тал­ды­қорған, Текелі қалала­рын­дағы үйлер табиғи газға қосы­лады. Сонымен қатар, Көксу қант зауыты толассыз жұмыс­тың арқасында биыл 300 мың тонна қант қызылшасын өңдеп, еліміздің барлық өңірлеріне жіберуді жоспарлап отыр. Бұл өз кезегінде қант қызылшасы алқабының көлемін ұлғайтады. Оған Ақсу қант зауытын іске қосу зор көмегін тигізбек. Одан бөлек, туризм саласының өркендеуі аймақтың дамуына үлес қоспақшы. Алакөл, Бал­қаш, Көлсай көлдеріне апара­тын туристік бағыттарды же­тіл­діру еліміздің қоржынына мол табыс әкеледі. Оған қажет­ті тетіктер қазірдің өзінде қа­рас­тырылып, керекті қаржы бөлінуде. Бір сөзбен айтқанда, Жетісу өңірінің өркендеуіне қажетті бағыттар толығымен жұмыс істеуде. Дегенмен кем­шін түсіп жатқан жерлері бол­са ақылшы ардагерлер мен зиялы қауым өкілдерінің кеңе­сін тыңдайтынын жеткізген Амандық Баталов сұрақ-жауап бөліміне кезек берді.

Бұдан соң кездесуге жи­нал­ған ардагерлер мен шығар­машылық өкілдері өздерінің ойларын айтып, жүрекжарды тілектерін арнады. Атап айт­қанда белгілі қоғам қайраткері Кеңес Аухадиев, композитор Мұратхан Егінбаев, жазушы Тұрсын Әбдуәли, ақын Айт­ақын Бұлғақов микрофонды кезекпен алып, атқарылған жұмыстардың нәтижелі бо­луына тілектес екендіктерін жектізді.

 

Мәди АЛЖАНБАЙ.