ОТБАСЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ КАРТАСЫН ӨЗЕКТЕНДІРУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Уақыты: 29.08.2024
Оқылды: 1136
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

 Талдықорған қаласында отбасының цифрлық картасын өзектендіруі бойынша жиын өтті.


Бүгін қала әкімдігінің мәжіліс залында қала әкімінің орынбасары Жеңіс Андабековтың төрағалығымен өткен отбасының цифрлық картасын өзектендіру бойынша құрылған штаб мүшелерінің жиыны өтті.

Жиын барысында қаламыздағы отбасы мүшелері жайлы ақпаратты өзектендіру мақсатында құрылған 6 мобильді топтың жұмыс алгоритмі, аралау барысындағы туындаған мәселелер және нәтижелі көрсеткіштерге жету барысы талқыланды.

Тиісті мекеме басшыларына тапсырма беріліп өзектеу мерзімін тездету нәтежилі атқарылуын тапсырды.