ҚОРА СУЫ КӘДЕГЕ ЖАРАР КҮН ЖАҚЫН

Уақыты: 14.09.2024
Оқылды: 261
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Жетісу өңірінде жаңартылатын энергия көздерін өндіретін 15 нысан бар. Ақсу, Сарқан, Ескелді және Қаратал аудандары мен Текелі қаласының аумағында орналасқан нысандардың жалпы қуаттылығы 210 МВт-тан жоғары. Жоспарға сай 2026 жылға дейін тағы 8-і іске қосы лады. Ал келер жылы Ескелді және Сарқан аудандарында қуаттылығы 42,1 МВт болатын үш жоба жүзеге асады. Солардың қатарында Ескелді ауданына қарасты Қора өзенінен са лынып жатқан ГЭС бар. 2025 жылы пайдалануға берілетін стансының қуаттылығы 29 МВт.


Келер жылдың сәуірінде қолда нысқа берілетін ГЭС-тің құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталған. «АСПМК-519» ЖШС салып жатқан нысанның жалпы құны 10 млрд. теңгеден асады. Тап қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары 90 пайызға аяқталып, жұмысшылар аумақты абаттандырумен айналысуда.

– Құрылыс жұмыстары белгілен ген кесте бойынша жүргізілуде. Қазір нысанның қондырғылары сынамадан өтуде. 3 гидроагрегат сынақ режимін де жұмыс істеуде. Біз тек бақылап мерзімі аяқталғанша GLOBAL Hydro ком паниясы қашықтықтан стансы жұмысын бақылауда ұстайды. жүрміз, ал австриялық маман дар онлайн режимде құрылғыларды іске қосып, қабілетін тексеруде. Нысан көктемде ел игілігіне пайдалануға берілмек, – дейді Қора өзеніндегі ГЭС-3 басшысы Евгений Козырский.

Салынып жатқан стансының жаб дықтары түгелге жуық Австрия елінің GLOBAL Hydro компаниясының өнімі. Жоғарыда айтқанымыздай, компания өкілдері жабдықты кон фигурациялау үшін қашықтан жұмыс істеуде. Сынама жұмыстары аяқталған соң компания инженері ГЭС-ті келіп іске қосады. Сол уақыт та мұнда жергілікті 20 маман жұмыс істейтін болады.

Мамандардың айтуынша, өзен ар насы орналасқан шатқалда ГЭС-тің тоқтаусыз жұмыс істеуі үшін көлемі 12 мыңтекшеметрлік бөгет салынған. Бөгет жұмысы да қашықтықтан басқа руға негізделген. Евгений Козырскийдің сөзіне сенсек, көктемгі лайдан, сумен ағып келген ағаш-бұта қалдықтарынан GLOBAL Hydro турбиналарын қорғау жұмыстары әбден пысықталған. Мұн дағы мамандар бөгет табанын құрғатып, ондағы ағаш-шөп қалдықтарын сыртқа шығарады. Ал, бөгеттің өзін суға толты ру үшін 2-3 сағат қана уақыт кетеді екен.

Дастанбек САДЫҚ