Депутат "Балқаштың суы бүлінеді" деуге де ешқандай негіз жоқ екенін айтты

Уақыты: 18.09.2024
Оқылды: 121
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Депутат Елнұр Бейсенбаев халыққа АЭС құрылысы мен ядролық қарудың айырмашылығын жете түсіну қажет екенін айтты.  Сондаай-ақ ол "Балқаштың суы бүлінеді" деуге де ешқандай негіз жоқ екенін мәлімдеді.

"Бейбіт атом мен ядролық қару екі бөлек дүние. Ядролық қаруда пайдаланған уранның мөлшерін – біз 20 АЭС салсақ та, соған пара пар мөлшерде пайдаланбаймыз. Бір АЭС салуға бір шелек уран қажет болса, біз оны 10 жыл пайдаланамыз. Бір атом электр станциясының 100 жылдық қызметте шығарылатын залалы орта есеппен бір камаз. Одан артық болмайды. Тағы бір мәселе, үрей бар. Атом электр станциясы Алматы облысында Балқаштың төңірегінде салынады. Қоғамда "Балқаштың төңірегінде салынады, Балқаштың суын пайдаланады, ертең Балқашқа қайтадан осындай су құйылады, температурасын көтеріп жібереді, фауна өзгереді" деген үрей бар. Олай емес. Оған арнайы су дайындалады. Ол Балқаштан алынуы мүмкін, жерасты суы алынуы мүмкін. Оның өзінің арнайы минералдану процесі болады. Содан кейін атом электр станциясынан су бөлініп шықпайды. Ол буланып кетеді. Өткенде мамандар да айтты. Қазіргі реакторлар сусыз жұмыс істей береді, көп су қажет емес. Оны Үлкен ауылының маңында саламыз деген ой бар. Бұл – зерттелген жоба", – деді Елнұр Бейсенбаев.

Фото: ©El.kz/Марина РУЗМАТОВА/ChatGPT