РИНАТ ЗАЙЫТОВ. ҚЫРҒЫЗДАРДЫҢ РЕВАНШҚА ШАҚЫРУЫ ҮЙ ЖАҚҚА БАРЫП ТӨБЕЛЕСЕЙІК ДЕГЕН СИЯҚТЫ

Уақыты: 18.09.2024
Оқылды: 223
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

12 қыркүйекте Қырғызстаннан келген жанкүйерлер Астанадағы көкпар төрелігіне жаппай наразылықтарын білдірген болатын. Осыдан кейін Қырғызстан көкбөрі федерациясы Қазақстан құрамасын 1 қараша реванш алуға шақырды. Бұған қатысты Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов пікір білдірді.


Көкпардың эмоциясын жанкүйер ретінде біз өте жақсы білеміз. Көкпарда аяқ жұлынады, құлақ кетеді. Көкпар – нағыз жаужүрек, мықты жігіттердің ойыны. Мұндай эмоция Қырғызстандағы ойынға барғанда біз ұтқан кезде де болған. Оның алдында да болған. Көкпардың айналасында эмоциияналды айқау-шу болып тұрады. Ол үйреншікті нәрсе. Мысалы футбол жанкүйерлерінің де бір-бірін тепкілеп жатқанын көріп жатамыз. Дәл сол сияқты көкпар біздің қанымызды қыздыратын ойын болғандықтан қазақ пен қырғыз үнемі осы бәсекеде. Бірақ бұл екі ұлттық жауласып кетуіне немесе басқа адамдардың қазақты, қырғызды жек көріп кетуіне алып келеді деген сенбеймін. Мысалы, айтыста да талай тартыс болады. Көкпар – ішіміздегі лапылдап тұрған жанкүйерлігімізді оятатын біздің спорт. Реванш жағдайына келетін болсақ, бұл соңғы ойын емес, әлі алда талай ойындар болады сол кезде кім мықты екенін дәлелдейді, - деді мәжілісмен.

Ринат Зайытов 12 қыркүйекте V Дүниежүзілік көшпенділер ойынында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы көкпардың финалын көрген жанкүйерлердің қатарында болған.