ЖАҢА МІНДЕТ ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ

Уақыты: 20.09.2024
Оқылды: 40
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Ел басшысы көтерген әрбір мәселе өзекті. Оның арғы жағында қазақ елінің кемел келешегі тұрғанын ұғынғанымыз жөн. Қазақстанның даму жолына барлық сала өкілдері өзінің үлесін қосу керек деп есептеймін. Сондықтан біз аянып қалар ештеңе жоқ.


Жаңа Жолдау өміршең мәселелерді терең зерделеген үлкен дайындықпен нақтыланған деуге негіз бар және стратегиялық жағынан маңызды деп есептеймін.
«Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдаудың әр бағыты маңызды. Атап айтқанда, әлеуметтік қамсыздандыруды жақсарту, энергетика секторын жаңғырту мен атом энергетикасын дамытуды қоса алғанда инфрақұрылымды дамыту, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, әлеуметтік қолдау жүйесін жақсарту және заңдылық пен тәртіп қағидаттарын бекіту сияқты бағыттар бойынша ұсынылатын шаралар ерекше назар аударуға лайық екенін атап өтті. 

Президент «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланатын 2025 жылдың маңыздылығына тоқталып, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалау қажеттігін сөз етті. Бұл шаралар қоғамда еңбекқорлық пен кәсіпқойлық құндылықтарын ілгерілетуге бағытталған.

Мемлекет басшысы республикалық деңгейде шұғыл шараларды талап ететін проблемалық мәселелерді де нақты атап өтті. Ең маңыздыларының бірі – елдің энергетикалық қауіпсіздігі. Еліміздің экономикасының дамуы үшін энергетикалық тәуелсіздік болу керектігін атап, сондықтан  АЭС-тің экономикалық тиімділігіне тоқтала келе  оны салуды қарапайым халықтың өзі шешетін жалпыхалықтық референдумды  6 қазанда өткізуді ұсынды.

Мәселенің әлеуметтік маңыздылығы мен экологиялық қауіпсіздігін ескере отырып, ірі нысандарға инвестиция салумен қатар «жасыл технологияларды» белсенді енгізуді жалғастыру қажеттілігіне тоқталды.

Энергетика, құрылыс, жол салу, су салалары бойынша үкімет алдына нақты тапсырмалар белгіледі. 

Кадр тапшылығының өзекті мәселе күйінде қалып отырғандығына орай мұны «Үкіметтің алдында тұрған маңызды міндет» деп қадап айтты.

Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының жаңа үлгісін – белсенді және ашық, демек, жауаптырақ әрі тиімдірек қалыптастыруға үндейтінін ел басшысының өз аузынан естідік. Олай болса айтылған мәселелерді халық оң түсініп, дұрыс шешім шығаратынына сенемін.

Біз, кітапхана қызметкерлері, Президентіміздің бізге артып отырған сенімін ақтап, асқан жауапкершілікпен бірлесе отырып, Жолдау аясында атқарылатын жұмыстарды қарқынды түрде дамытуға, азаматтардың мәдениетін арттыру, табиғатқа ұқыпты қарау, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, еңбек адамын құрметтеу қажеттігіне тағы да назар аударамыз.  осы бағыттарды қарқынды түрде дамытып, арттыруға бар күш-жігерімізді саламыз.

Самал ШАЯХМЕТОВА,
облыстық Сәкен Сейфуллин
атындағы орталық
кітапхана директоры