БҮГІН - ТҮРКІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ КҮНІ

Уақыты: 03.10.2018
Оқылды: 1038
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Бүгін, яғни, Нахчыван келісіміне қол қойылған 3 қазан жыл сайын түркі халықтарының ынтымақтастығы күні ретінде аталып өтеді. Естеріңізге сала кетейік, Әзербайжанның Нахчыван қаласында 2009 жылы, 3 қазанда түркітілдес елдердің Мемлекет басшылары IX саммитке қатысып, Қазақстан, Түркия, Әзербайжан және Қырғыз Республикасы арасында тарихи Нахчыван құжатына қол қойылды.

Сол күннен бастап түркі әлемі интеграциясы жаңа бір белеске көтерілді. Аталған келісім нәтижесінде тарихта алғаш рет бауырлас төрт ел Түркітілдес елдердің ынтымақтастық кеңесі атты халықаралық ұйым құрды. Осыдан соң ТүркПА, Халықаралық Түркі академиясы дүниеге келді. Ал ТҮРКСОЙ жаңа серпінмен жұмыс істей бастады. Қазақстан Президенті түркітілдес халықтардың ІХ саммитінде түркі әлемінің бүгіні, ертеңі және болашағын зерттеу жөніндегі халықаралық ғылыми орталық құру ұсынысын жасады. «Түркі кеңесі ұйымы экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға елеулі үлес қосып келеді. Өзара ынтымақтастық пен бірліктің артуы «Түркі әлемі» атты ортақ брэндті жер-жаһанға танытып отыр», - деген болатын Қазақстан Президенті.

"Қазақпарат"