БАКАЛАВРЫ БАР КОЛЛЕДЖ

Уақыты: 28.04.2019
Оқылды: 1873
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Талдықорған жоғары политехникалық колледжі облысымыздағы кәсіптік білім беру мекемелерінің жетекші инновациялық оқу орындарының бірі. Бұл – заманауи цифрлық технологиялар мен қазіргі инфрақұрылымға негізделген мобильді білім беру ортасы бар беделді мекеме.

Талдықорған жоғары политехникалық колледжі облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ішінде алғашқылардың бірі болып «Кәсіптік білім беру» мамандығының, «Кәсіптік білім беру қолданбалы бакалавры» біліктілігі лицензиясына ие болды. Сонымен қатар, «Талдықорған жоғары политехникалық колледжі» статусын иеленді.

Колледжімізде «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану»; «Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану»; «Радиоэлектроника және байланыс»; «Ақпараттық жүйелер»; «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»; «Телекоммуникациялық құралдар мен тұрмыстық техникаларды жөндеу және қызмет көрсету»; «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»; «Электр және электромеханикалық құрылғыларды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу»; «Дене тәрбиесі және спорт»; «Кәсіптік білім беру (салалар бойынша»); «Есеп және аудит», «Экономика», «Қалдықтарды қайта өңдеу» мамандықтары бойынша маман даярлайды.

ТжКББ мазмұнын жаңартуда негізгі инновациялық тәсілдердің бірі – модульдік-құзыреттілік тәсілі, кредиттік-модульдік технология. «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат; дуалды оқыту; көптілді оқу тәсілі; инклюзивтік білім беру; ресурстық оқу орталығы бар. Қазіргі таңда «Smart-колледж» бағдарламасы арқылы колледждің барлық электронды құжат айналымы енгізілген. StartUp академиясы, робототехника орталығы, Медиа орталығы – Елбасы тапсырмаларын іске асыру жолдарының бірі.

ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Алматы облысындағы іссапары барысында Талдықорған жоғары политехникалық колледжіне келіп, оқу-өндірістік шеберханамызбен, колледждің материалды-техникалық базасымен, оқу-өндірістік үрдісі және колледж жетістіктерімен танысты. Министр шеберханаларда студенттермен, оқу-өндірістік шеберлерімен, оқытушылармен тікелей кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады. Барлық бағыттар бойынша қарқынды даму жағдайында жоғары білікті кадрларды даярлау – біздің басты көрсеткішіміз екенін атап өтті.

Ерқат МҰҚАЖАНОВ,

Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің директоры,

физика-математика ғылымдарының кандидаты