ҰКП МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ӘЙЕЛДЕР КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ ТАПСЫРМАСЫН ОЙДАҒЫДАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА

Уақыты: 01.03.2017
Оқылды: 1260
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесі Мемлекет басшысының Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту тапсырмасын ойдағыдай жүзеге асыруда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Лаззат Рамазанова мәлімдеді.

«Бүгінде әйелдер бизнесте күн өткен сайын белсенді болып келеді. Кәсіпкерлікпен айналысып жатқан әйелдердің үлесі айтарлықтай өсті. Қолда бар мәліметтерге қарағанда кәсіпкер әйелдердің үлесі шамамен 50 пайызға көбейді. Осының бәрі әрине, мемлекеттің қолдауының нәтижесінде іске асырылып отыр», ­– деді Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанова.

Оның мәліметінше, 2016 жылы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алғаш рет пилотты форматта Қазақстанның 6 өңірінде: Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау облыстарында бизнесті микрокредиттеу бағдарламасын жүзеге асыруды бастады.

Өңірлік іскер әйелдер кеңестері аталған жобаны іске асыруда жұмысқа белсене кірісті.

http://ortcom.kz/briefing/yikp-memleket-basshisinin-eioelder-kesipkerligin-damitu-tapsirmasin-oiodaghidaio-jyuzege-asiruda.10191