МСМ АЗИЯ ОЙЫНЫНДА ДЕНИС ТЕННІҢ СӘТСІЗ ӨНЕР КӨРСЕТКЕНІ ЖАЙЫНДА ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ

Уақыты: 01.03.2017
Оқылды: 1258
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов қысқы Азия ойынында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің сәтсіз өнер көрсеткені жайында түсініктеме берді.

«Спортшының өнер көрсетуіне көптеген сыртқы ықпалдар әсер етеді. Бұл денсаулық жағдайы, спортшының психологиялық бейімделуі. Спортшылар әрқашан сәтті өнер көрсетеді деген қате пікір. Өнер көрсетуде күтпеген жағдайлар болуы мүмкін. Денис Тен әлі де күш-қуатын жинап, алда талай биік асуларды бағындыратынына сенемін. Оның өзі осы қателіктерді түсінді және алдағы уақытта елдің намысын қорғауда барын салады. Жанкүйерлер түсіністікпен қарайды деп ойлаймын»,-деді спикер.

Естеріңізге сала кетсек, Денис Тен Азия ойындарында жүлдеден қағылған болатын. Қысқа және еркін бағдарламадан мәнерлеп сырғанаудан тек 198,88 ұпай жинай алды.

http://ortcom.kz/briefing/msm-aziya-oioininda-denis-tennin-setsiz-oner-korsetkeni-jaioinda-tyusinikteme-berdi.10190