Жолдау жүгі САЛМАҚТЫ

Уақыты: 04.03.2017
Оқылды: 1315
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы халық арасында кеңінен насихатталуда.

Осы мақсатпен өңірімізге арнайы келген ақпараттық-насихат тобының мүшесі, облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрін Балпық би ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Жаңаталап орта мектебінің базасында Балпық би ауылдық округінің әкімі Руслан Тасыбаевтың төрағалығымен өткен кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Назкен Игенбаев, жергілікті тұрғындар мен БАҚ өкілдері қатысты. 
Кездесу барысында Елбасы Жолдауының негізгі бағыттарын жүзеге асыру жолдары талқыланды. Саяси маңызы бар басқосуда Қазақстанның Құрметті журналисі Әміре Әрін Елбасы Жолдауы аясында облыста атқарылып жатқан ауқымды шараларды айта келіп, Жолдаудың маңыздылығына тоқталды. Аталған саяси құжаттың елімізді дамыту жолындағы үлкен баспалдақ екенін атап өтіп, оны жүзеге асыру жауапты міндет екенін жеткізді. Жүздесу барысында сөз алған жергілікті қоғамдық бірлестіктің төрайымы Ләйла Шүкебаева, Жаңаталап орта мектебінің ұстазы Ниетқан Касенова, Жаңаталап дәрігерлік амбулаториясының дәрігері Қымбат Жұмабекова Мемлекет басшысының сарабдал саясатының өзіндік ерекшеліктерін айтып, бірауыздан Жолдауды қолдайтындарын білдірді. Осындай жиын қала тұрғындарының қатысуымен №13 орта мектебінің акт залында жалғасын тапты. 

Альфита СЕКСЕНБАЕВА.
Қаратал ауданы.