ҰЭМ тауарлар бағасының өсіміне байланысты түсініктеме берді

Уақыты: 07.03.2017
Оқылды: 1285
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Жылдың басында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы барлығы 2 % көтерілгенін хабарлады Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Ұлттық экономика Министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева.

«Жеміс-жидек өнімдерімен салыстырғанда қой, сиыр еті өнімдерінің бағасы сәл өскені байқалады. Бағаның өзгеруіне әсер ететін бірден-бір фактор өнімдерді сақтау қызметіне кететін шығыннның көтерілуі болып табылады. Жалпы баға мал азығының қымбаттауына, сондай-ақ, көлік тасымалдарының шығындары мен жанар-жағармай өнімдерінің көтерілуіне байланысты өсіп отыр»,-деді Самал Ибрава.

Сонымен қатар, ҰЭМ баспасөз хатшысы қазіргі таңда тауар қызметтерін реттеу мәселелеріне бірқатар заңнамалық түзетулер әзірленгенін жеткізді. «Бұл түзетулер бөлшек сауда бағаларының өсімін тежеуге бағытталып отыр. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу бойынша өкілеттілікті жергілікті атқарушы органдарға тапсыру ұсынылуда. Бұл сол аймақта баға өсіміне жедел назар аударуға мүмкіндік береді.

Бұдан өзге жергілікті атқарушы органдар бизнес саласымен тығыз жұмыс жасайтын болады. Осылайша, баға өсімін сол мезетте анықтай алады.

http://ortcom.kz/briefing/yiem-tauarlar-baghasinin-osimine-baiolanisti-tyusinikteme-berdi.10197