«Жем» кеден бекетінде қайғылы жағдай орын алды

Уақыты: 03.04.2017
Оқылды: 1109
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

 

«Жем» кеден бекетінде қайғылы жағдай орын алды. Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз хатшысы Жамбыл Сұрағанов бүгін түнде кеден қызметінің үш қызметкері жол көлік апатынан қайтыс болғанын жеткізді. «Комитет басшылығы тарапынан Жанғалиев Сәндібек, Салиев Айдос және Сәрсенов Қасымханның отбасына қайғырып көңіл айтылды».

Жамбыл Сұрағановтың мәлімдеуінше, жол-көлік апаты Бейнеу қаласының жанында орын алған. « «Жем» кеден бекетіне өз жұмыс кезегіне түсу мақсатында жол тартқан болатын. Өкінішке орай, жол-көлік апатынан қайтыс болды».

Сондай-ақ, Жамбыл Сұрағанов көлік ішінде Сәрсенов Қасымханның барлық отбасы болған. «Әйелі мен кіші баласы қайтыс болды. Ал, қалған екі баласы қазіргі таңда ауруханада ауыр халде жатыр. Біз қайтыс болған отбасыларға көмек беруге бар күшімізді саламыз. Және министрліктің әр қызметкері көмек береді деген сенімдемін»,-деді МКК ресми өкілі.

Оның ақпараты бойынша, қайтыс болған қызметкерлердің артында балалары мен отбасылары, атап айтсақ, Жанғалиев Сәндібектің үш баласы, Салиев Айдостың қызы қалған.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар  министрлігі, Орталық коммуникациялар қызметі