Құндылықтарды қалай насихаттаймыз?

Уақыты: 06.05.2017
Оқылды: 1642
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын насихаттау, талқылау мақсатында «Жаңғырудың жаңа белесі» тақырыбында жиын өткізді.

Жиынға басқарма қызметшілері, аудандық, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшылары, облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері, аудандық, қалалық тіл оқыту орталықтарының басшылары, ғалымдар, зиялы қауым өкілдері қатысты. Облыстық  тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Айдар Башбаев кіріспе сөз сөйлеп, жиынды жүргізді.
Басқарма басшысы өз сөзінде Елбасының бағдарламалық мақаласы – еліміздің болашағына бағдар беретін, әрбір адамның өзін және айналасын тануға жол ашатын басты идеологиялық құжат екендігіне тоқталып, латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын атап көрсетті.
Мақалада белгіленген ұсыныстар бойынша I. Жансүгіров атындағы ЖМУ-дің кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Сайлау Қожағұлов баяндама жасады.
Мақала бойынша пікір білдіру мақсатында сөз сөйлеушілерге кезек беріліп,  «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев ұлтымыз үшін рухани жаңғырудың алатын орны, тарихты, салт-дәстүрді білудің маңызы жайлы кеңінен айтып берді. Бұдан кейін аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшылары Ф. Бегенбаева, А. Елубаева, Ә. Әділханұлы, «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Текелі қалалық филиалының меңгерушісі  А. Қалысбаева сөз алып, жаңғырудың жаңа белесіне өтудің еліміз үшін алар орнына тоқталды.
Жиынға қатысушылар мақалада көрсетілген салалар бойынша ұлттық құндылықтарды қалай насихаттау қажеттігін кеңесіп,  кешенді жұмыс жоспарын іске асыру тетіктерін талқылады.

Гүлжан ТҰРСЫН