Іздеу жарияланады

Уақыты: 18.05.2017
Оқылды: 1274
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Ұлы Отан соғысында қаза болған сарбаздардың туған-туыстарына іздеу жарияланады:

1. Қызыл армия әскері Исмаилов Серік, 1920 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданында туған. Жамбыл облысы Сарысу аудандық әскери коммиссариатымен әскерге шақырылып, 1942 жылғы 7 қазанда Сталинград облысы, Городищенский ауданы, Орлов с/с, Орловка ауылы маңында із-түзсіз кетті. 
2. Қызыл армия әскері Нусхаев Канур Мучерович (Мучеряевич) 1906 жылы Қалмақ АССР-і Тракт ауданы №80 Конозавод ауылында дүниеге келген. Қалмақ АССР-і Тракт аудандық әскери комиссариатымен әскерге шақырылып, 1943 жылы 10 қаңтарда қаза тапты. Волгоград облысы, Городищенский ауданы (Сталинград облысы Дубовский ауданы), Орловка ауылындағы бауырластар зиратында жерленген.
Жоғарыда аталған жауынгерлердің туған-туыстары немесе олардың туыстары жайлы хабардар адамдар Алматы облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментіне мына мекенжай бойынша хабарласуын сұраймыз: Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 31/33, телефоны: 8 (7282) 24-27-38 (ішкі 116).
Өзге аудан бойынша жергілікті әскери басқару органдарына (жергілікті военкомат) хабарласуға болады.


Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі.